Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады.
Сауда орталығында болған оқиға: Сатып алушы:Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, мен өзіме киім таңдап тұр едім. Көрсетіп жіберіңізші, қайсысын алайын? Сатушы: Әрине, сізге нешінші размер керек еді? Сатып алушы: Маған осындай киім керек, бірақ ұзындығы жағынан қысқалау сияқты. Сатушы: Онда мынаны киіп көріңіз. Меніңше, сізге осы киім шақ болар. Сатып алушы: Иығы тар сияқты, ал мына киімнің тігісі ұнады. Сатушы: Таңдауыңыз керемет, сізге жарасып тұр. Сатып алушы: Бұл киімнің бағасы қанша тұрады? Сатушы: 5500 теңге тұрады. Ақшасын кассаға төлеңіз.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку