Romakot
05.05.2023 18:24

Нужно заполнить таблицу,выбрав нужные слова из текста.Текст1:Ертесіне Президентпен кездесуге барады. Барған бетте ғарышқа ұшудан бас тартатынын мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы: Тоқтар бауырым! - деп майда қоңыр дауысымен бауырына тартып сөз бастайды. - Мен Мені дұрыс түсін, бұл ұшу сен үшін, я бол- маса, мен үшін қажет емес, біздің қазақ халқы үшін керек. Білесің бе, Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі - қазақтар «Біздің жерден біздің ғарышкер қашан шығады?» деп армандаумен келеді. Өзіңді туған сол халықтың арманын орындаудан неге бас тартпақсың, а? Оның үстіне, сен барлық жағынан дайын тұрсың… Керек десе, Кеңес Одағының Батырысың! - дейді. Аталы сөзге тоқтаған қазақ емеспіз бе?! Тоқтар осы сөзге тоқтайды.
текст2:Тбилиси" крейсерінен жаңа әдіспен ұшақты көкке көтеру оқиғасына бүкіл әлем көз тікті десе де болады. Кеңес ұшағы лып етіп көтеріле ала ма, әлде бұрқ етіп жоқ бола ма деп бүкіл дүниежүзінің мамандары демін ішіне тартып қарап тұрған еді. Тоқтар Әубәкіровке крейсердің қып-қысқа МИГ-29 ұшағын лып еткізіп көкке көтеру міндет болды. Жаңа әдістің ерекшелігі сонда: ұшақ құдды трамплиннен түскендей төмен лықсып келіп, дүр етіп ұша жөнелген кептердей тез көтеріліп кетуі керек. Барлық мәселені секундтар ғана шешеді. Үшақтың моторына байланысты. Сәл іркіліс болса, бітті: ұшақ судың астына кіріп кетеді. «А» деп ауыз ашқанша, құйрығы қайқаң етіп зеңгір көктен көрінетін дыбыстан жылдам ұшақты сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров сонда зыр-р еткізіп. көтеріп үлгерді. Асқан дәлдікпен аядай жерге ұшақты қайта қондыру да ғаламат ерлік болатын.
Таблица во вложении

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
DipperGo
02.09.2021 10:58
Қазақ тілі-бай тіл.Оралымды,ырғақты,теңеу-бейнеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай,Ілияс сияқты,прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймін. Иа,қазақ тілі-дамыған,жетілген,бай,икемді тілдің бірі.Қазақстанның болашағы да осы қазақ тілімен байланысты. Осыған орай жыл сайын біздің еліміз 22 қыркүйек- «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» мейрамын атап өтеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю. Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан,Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп С.Торайғыров ағамыз жырлап өткен.
0,0(0 оценок)
Ответ:
aisasiada
19.07.2020 20:56

Қазақстан табиғаты туралы.

Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.

Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Осынау кең байтақ ұлан ғайыр еліміздің табиғаты да алуан түрлі. Жылдың төрт мезгілі де ерекше сезіліп, қай аймақты алып қарасаң да жайнап тұрады. Мысалы, кей елдерде қыс болмай, балалар қар дегенді білмей жатса, біздің елімізде ондай мәселе жоқ. Қысымыз боранды күндерімен, сықырлаған аязымен, ақ ұлпа қалың қарымен ерекше. Ал көктем келісімен айналаның барлығы құлпыра түседі -  қалың қар еріп, жасыл кілемге айналады. Сылдырап тау бұлақтары ағып, жан – жақтың барлығы жайқалған өсімдіктерге толады. Ал жаз мезгілі болса, балалардың демалысқа шығып, мәз – мейрам болып, жеміс – жидектің пісетін уақыты.  Жаз мезгілі зымырап өтіп, артынша алтын күз де келіп жетеді.

Мәне, менің туған өлкемнің табиғаты осындай әсем, әрі көркем.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота