Аңшылық туралы мақал – мәтелдер.
Аңшының ажалы аңынан.
* * *
Оғы шалыс ұшпайтын аңшы болмас,
Жаңылыспайтын емші болмас.
* * *
Аңшы тұтудың қанша амалын білсе,
Аю құтылудың сонша айласын жасайды.
* * *
Ескі көр тірілерге үй болмайды,
Тақыр жерде аңшыда күй болмайды.
* * *
Аңшы аңына қарап шығады,
Арыстан көргенін жығады.
* * *
Құсбегісі келіссе,
Күйкентай құс қаз алар.
* * *
Саятшының сұңқары
Салған жерден іледі.
* * *
Аңды не көрінбегенатады, не ерінбеген атады.
* * *
Аңшының екі сөзінің бірі – өтірік.
* * *
Ит иесі үшін алады.
Бүркіт жемі үшін алады.
Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энңиклопедиясында былай жазылған: "Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы — қоға, құс жаманы — сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен қүтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді