Денсаулық зор байлық. Адам өз денсаулығын бағалай білу керек. Зиян іс-әрекеттерден аулақ болған жөн. Бізді уақыт күтпейді, біз уақыттың қалай өткенін, тіпті уақыт қана емес, өміріміздің қалай өткенін де байқамай қалуымыз мүмкін. Сондықтан компьютердің алдында ұзақ отырып, оған тәуелді болып қалмайық, достар. Өмірде достармен жүзбе- жүз кездесіп, достық қарым-қатынаста болған қандай керемет. Бір-бірімізден жақсы әдеттерді үйреніп, мінез-құлқымызды жөндеп, сөздік қорымызды байытар едік. Ал, интернеттегі қарым - қатынас тіпті ондай емес.
. Жаз төрт мезгілдің ішіндегі ең ыстық әрі ең көңілді мезгіл. Өйткені оқушылардың барлығы жазғы демалысқа шығып, күніге серуен кешіп, ойын ойнайды. Жаз айларында, әсіресе шілде айында шомылуға немесе табиғатқа шығу өте керемет. Ал кейбіреулері болса ұзақ уақытқа апа-аталарына немесе жақын туыстарына барады. Жалпы өзім ұзақ бір сапарға шыққанды ұнатамын. Жаз айларындағы тағы бір ерекшелік, кешкілік кезең қатты ұнайды. Өйткені кешкі масатыдай салқын жел керемет күйге бөлеп, уақыттың қалай зымырап өтіп жатқанын байқамай жүре бересің. Көрші балалармен аулаға ойынға шығып, футбол, волейбол ойындары қызық үстіне қызық бола береді. Жаз айларындағы әрбір күн өте тамаша, дегенмен жыл мезгілдерінің қайсы бірін алсақ та, әр қайсысының орыны бөлек, ерекше…
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку