gurinovichlena
01.03.2022 19:25

1. Сөйлеу тiлiнiң лексикалық ерекшелiктерi
2. Түркі тілдерінің тарихи жазба мұралары қандай дәуірлерге бөлінеді?
Халықаралық тілдер қатарын толықтырыңыз. Араб, ағылшын, орыс, француз, қытай, ...
3. Көне түркі дәуірінің ескерткішін көрсетіңіз.
4. ХХ ғ. басында А. Байтұрсынов ұсынған жаңа жазудың атауын көрсетіңіз.
5. Жүсіп Баласағұнидың кітабы
«Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен, әсіресе сөз сайысына келгенді...» - авторын табыңыз.
6. Орта ғасырлар түркі шешендігіне тиесілі шығармалар – «Құтты білік» пен «Диуани лұғат ат-түрік» еңбектерінің авторларын белгілеңіз.
7. Аудармашы арқылы сөйлесу қағидасына жатпайтын қатарды табыңыз.
8. Сөйлеу тілінде көп кездесетін сөздер.
9. Мәнді сөйлеудің негізгі сапасын көрсетіңіз.
10. Тіл табысуда маңызды қағиданы табыңыз.
11. «Келгем, келгім кеп, келгесін» сөздері қай стильде жазылғанын анықтаңыз.
12. Сипаттауда айтылады
13. Сөйлеу тілінің қолданылатын орны.
14. Әдеби тіл нормасын сақтау дегеніміз не?
15. Сөз сапасы қандай шарттарға тәуелді?
16. Сөз дәлдігіне қойылар талап
17. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамауды, қосымшаларды рет імен қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден қандай норма бұзылады?
18. Ауызша сөйлеу тілдің де, жазба тілдің де дамуына ортақ негізді көрсетіңіздер.
19. Араб әліпбиі негізіндегі қазақтың ескі жазба тілі шамамен қай ғасырлар аралығында қызмет етті?
20. Тілдің материалдық жағына не жатады?
21. Қазақ жазбасын латын алфавитінен орыс графикасындағы жаңа алфавитке көшіру туралы заң қашан қабылданды?
22. Аудармашы арқылы сөйлескенде қандай сөздерді қолданудан аулақ болған жөн?
23. Сөйлеу тілінің фонетикалық-морфологиялық ерекшеліктеріне не жатады?
24. Сөздің коммунактивтік сапасын көрсететін белгілерді көрсетіңіз.
25. Қазақ әдеби тілінің қанша стильдік тармақтары бар?
26. Пайымдауда айтылады
27. Кітаби тіл стиліне жатпайтын стильді көрсетіңіз.
28. Сөйлеу тілінде жиі қолданылатын сөйлем түрін белгілеңіз.
29. Қыпшақ жазбаларының бірі - «Кодекс куманикус» сөздігі қай кезеңге тән?
30. Қолдану аясы, сөйлеу мақсаты, өзіндік стильдік ерекшелік, тілдік құрал неге жатады?
31. Актив сөздерге жатады
32. Сөйлеу мәдениеті ... негізделеді
33. «Қазақ тілінің байлығы- қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы» деген пікірді айтқан
34. Сөз мәдениеті нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
35. Тілдің көмекші құралдары арқылы жүзеге асатын әңгімелесу, мәлімет алмасу мөлшерін көрсетіңіз.
36. Шаруашылық, тұрмыстық әдет-ғұрыпқа байланысты этнографизмді табыңыз.
37. Аудармашы арқылы сөйлесу қағидасына жатпайтын қатарды табыңыз.
38. Халықаралық тілдер қатарын толықтырыңыз. Араб, ағылшын, орыс, француз, қытай, ...
39. Пассив сөздерді табыңыз.
40. «Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады» Авторын табыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nsotskova
29.02.2020 00:44

Отырар қаласы.

Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
lizashevchuk664
29.02.2020 00:44
Отырар -  Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көптеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады. Ежелгі Отырар шұраты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқан. Оның жері Сырдарияның орта ағысы тұсындағы жағаларында орналасқан. Орта Сырдарияның алқабы, Тұран ойпатының бір бөлігі, Қызылқұм-Ортасырдария жазығына кіреді. Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария. Олардан шығарылған каналдар, қалалар мен мекендерді сумен қамтамасыз етті, егістікті суарды. Тек, судың молдығынан ғана, бұл жерде егіншілік мәдениеті дами алды. Отырар шұратының орналасқан жері, оның тұрғындарының өміріне әсерін тигізіп отырды. А.Н. Бернштам Отырар, Арыстың Сырдарияға құяр тұсында, Бөгенге жақын орналасқандықтан, қолайлы позицияда тұр және жер суару үшін суы жеткілікті деп дәл айтқан. Бөген мен Арыс бойымен Таласқа, үйсін, кейін қарлық иеліктерінің шекарасына дейін жеткен. Сырдария бойымен жолдар Шаш, Ферғана және Соғдыға, солтүстікке қарай Арал маңындағы аландар арқылы Еділ бойындағы далаға, Таулы Оралға және Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін барған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота