Dvoeshnik666
25.05.2020 01:09

Көмек!!

1. Сөйлеу тiлiнiң лексикалық ерекшелiктерi
A қоғамдық өмiрдiң әр алуан саласында қолданылады
B жанрлық тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан
C тұрмыста қолданылатын қарапайым бейресми сөздер жиi ұшырасады
D монолог түрінде болады
E зат пен құбылыстың негізгі, мәнді белгілері айтылады
2 Түркі тілдерінің тарихи жазба мұралары қандай дәуірлерге бөлінеді?
A Қараханид, Алтын Орда, ескі ұйғыр
B көне түркі, орта түркі, жаңа түркі
C ескі ұйғыр, көне түркі, Қараханид
D жаңа түркі, Алтын Орда, ескі ұйғыр
E орта түркі, Қараханид, көне түркі
3. Халықаралық тілдер қатарын толықтырыңыз. Араб, ағылшын, орыс, француз, қытай
A қазақ
B латын
C испан
D жапон
E неміс
4. Көне түркі дәуірінің ескерткішін көрсетіңіз.
A «Орхон-Енисей»
B «Кодекс куманикус»
C «Құтты білік»
D «Ақиқат сыйы»
E «Хұсрау-Шырын»
5. ХХ ғ. басында А. Байтұрсынов ұсынған жаңа жазудың атауын көрсетіңіз.
A латын жазуы
B әдемі жазу
C төте жазу
D араб жазуы
E қысқа жазу
6. Жүсіп Баласағұнидың кітабы
A «Қорқыт ата кітабы»
B «Мухаббат- наме»
C «Диуани лұғат –ат- түрк»
D «Диуани хикмет»
E «Құтадғу білік»
7. «Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен, әсіресе сөз сайысына келгенді...» -
авторын табыңыз.
A В.Радлов
B Р.Сыздық
C Ә.Марғұлан
D І.Омаров
E А.Йүгінеки
8. Жазба тіл стиліне жатпайтын стильді көрсетіңіз
A публицистикалық
B ғылыми
C ресми іс-қағаздар
D ауызекі сөйлеу
E көркем әдебиет
9. Орта ғасырлар түркі шешендігіне тиесілі шығармалар – «Құтты білік» пен «Диуани лұғат
ат-түрік» еңбектерінің авторларын белгілеңіз.
A Қожа Ахмет Йасауи, Тоныкөк
B Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари
C Сайф Сараи, Күлтегін
D Әл-Фараби, Аристотель
E Қорқыт, Байдалы би
10. Аудармашы арқылы сөйлесу қағидасына жатпайтын қатарды табыңыз
A Ақырын және анық сөйлеу
B Мақал-мәтелдерді қолданбау
C Тұрақты тіркестерді қолданбау
D Ұлттық ерекшелігін көрсету
E Әріптесіңнің жүзіне мұқият көз салып отыру
11. Сөйлеу тілінде көп кездесетін сөздер.
A диалект
B термин
C тарихи
D архаизм
E кірме
12. Мәнді сөйлеудің негізгі сапасын көрсетіңіз
A Өз сөзіңді мойындата білу
B Тыңдаушының ойынан шығу
C Тіл тазалығын сақтау
D Оқшау сөздерді қолданбау
E Кәсіби сөздерді жиі қолдану
13. Тіл табысуда маңызды қағиданы табыңыз
A Өз пікіріңді дәлелдеу
B Әдемі жымию
C Жетістіктеріңді көрсете білу
D Көп тіл білу
E Салмақты , маңызды болу
14. «Келгем, келгім кеп, келгесін» сөздері қай стильде жазылғанын анықтаңыз
A әдеби стиль
B көркем әдебиет стилі
C ғылыми стиль
D ауызекі сөйлеу стилі
E ресми іс қағаздары стилі
15. Сипаттауда айтылады
A зат пен құбылыстың негізгі, мәнді белгілері
B белгілі бір зат пен құбылыстың өзара байланысы, бір-біріне қатыстылығы
C белгілі бір зат пен құбылыстың салдары мен себептері көрсетіледі
D тілдік амал-тәсілдердің қолданыстағы бірізділігі
E әдебит тіліміздің төрінен орын алып, рухани игілікке ұласқан сөздер

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sergey1234567891011
02.01.2023 01:01

Кино өнері - өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор қатысады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар, лаборанттар мен жұмысшылар үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.

Кино өнері - өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай-ақ кадрларды үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино өнерінің ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде. Фильмді бірден миллиондаған адамдар көреді. Көрермендер білімін толықтырып, эстетикалық ләззат алады, тәлім-тәрбие жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады.

Кино өнері төрт салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық кино және ғылыми-көпшілік кинематография. Көркем фильм жазушының өмір шындығын алып жазылған сценарийі бойынша актерлердің қатысуымен жасалатын шығарма. Деректі фильмге мәні зор оқиғаларды деректі түрде бейнелейтін фильмдер мен киножурналдар жатады. Мультипликациялық кино суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып, фильм жасауды көздейді. Ғылыми-көпшілік кинематография - жаратылыс пен қоғам құбылыстарын ұғындыратын және ғылыми жаңалықтармен өнер сырларымен таныстыратын фильмдер жиынтығы.

Кино өнерінің даму жолы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңі - тұңғыш киноның шығу жылы мен 1914-1918 жылдар арасын қамтиды. Осы кезеңнің өзінде-ақ кинематография дүние жүзінің көп елдеріне тарады.

Кино өнерінің дамуының екінші кезеңі - 20-шы жылдар. Бұл дыбыссыз “мылқау” киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезеңі.

Үшінші кезеңі 30-40 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде кинопленкаға дыбыс жазу техникасы меңгерілді. Кинодраматургия қауырт өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлердің шығармашылығына кең жол ашты. Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін кино өнерінде жаңа кезең басталды. Түрлі-түсті фильм түсіру жүзеге асырылды.

Қазақ жерінде алғашқы хроникалық фильмдер 1928 жылдан түсіріле бастады. 1929 жылы Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы “Соңғы хабар” атты киножурнал шығарып тұрды. 1934 жылдардан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. “Ленфильм” студиясы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен тұңғыш көркем “Аманкелді” фильмін жасады. Қазақтың көркем фильмінің туу тарихы осы фильмнен басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында “Ленфильм” киностудиясы, “Мосфильм” киностудиясының Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі дамуына игі әсерін тигізді. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100-ден астам көркем фильм және 500-ге жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Chinchil1a
06.02.2021 08:57

Мен өнертапқыш болсам

Егерде мен өнертапқыш болсам,мен əрқашанда əдемі əшекейлер істеп,оларды əдемілеп,адамдарға сатушы едім. Менің қолым өнерлі болса, менің арманым барлығы менің еңбегімді бағалағанын қалаушы едім.

Неге сатушы едім? Неге сатпасқа? Адамдар оны тақса,онымен қуанып бетінде тек күлкі болса,абамдарға көңіл күй сыйлап жүрер едім. Адамдар оларды сатып алса мен білетін боламын,олар менің істеген қолөнерімді бағалайды деген екен деп ойлар едім. Келешекте егерде мен өнертапқыш болсам,қолымнан бəрі келсе,мен əрі қарай өз еңбегімді дамытатын боламын!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота