Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
-Арман аға, сіз не оқып отырсыз? -Бұл Қызыл кітап. -Ол не? Сыртына байланысты Қызыл кітап деген бе? -Жоға, бұл кітапта саны өте аз,жойылып бара жатқан жануар мен өсімдіктер туралы жазылған. -Олар неге аз? -Адамдар әрекетінен. Ғылыми тілде айтсақ антропогендік фактор. Яғни, біз, жануарларды аулау немесе браконьерлік іспен айналысу, жануарлардың мекен ететін жерлерінің азаюы және адамдардың күрт кобейіп, жаңа мекен қажет етуі, экология ластануынан біз табиғатқа теріс әрекет етеміз. -Сонда Қызыл кітаптың басты мақсаты табиғатты қорғау ма? -Ия. Кітаптағы жануарлар мен өсімдіктер заң бойынша қорғауға алынады. -Мен де оларды қорғаймын! -Ой, Қарлығаш, сен әлі тым кішкентайсың ғой! Сені де қорғайтын адам керек. -Сіз мені қорғайсыз!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку