1. Лауазымы бойынша хат-хабармен жұмыс істейтін кəсіпорынның барлық қызметкерлері қызметтік құжаттаманы қандай нормативтік құжат негізінде рəсімдеуге міндетті
A. «Іс қағаздарын жүргізу туралы» нұсқаулығы
2. Бланк дегеніміз
E. кəсіпорында шығарылатын ішкі құжат
3. Барлық бланкілер мен құжаттардың азат жолы
C. сол жағынан жəне жоғарыдан 30мм, оң жағынан жəне төменнен 10мм
4. Құжаттағы мəліметтің дəлдігі, оның уақытылы орындалу жауапкершілігі кімге жүктеледі
C. кұжат дайындаушы адамға
5. Қазақстан Республикасында құжаттарды жасау жəне олармен жұмысты ұйымдастыру қандай нормативтік актілерге сүйеніп жүргізіледі
A. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттау жəне құжаттаманы басқарудың үлгі ережелері», «Тілдер туралы» ҚР заңы
6. Қазақстан Республикасы Ата заңының қай бабында «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деп көрсетілген?
C. 7-бабында
7. «Құжат» латын тілінен аударғанда қандай мағына береді.
B. дəлелдеу тəсілі
8. Қазақстан Республикасында “Тіл туралы” заң қашан қабылданды?
D. 11.07.1997 ж.
9. Мекемеге келіп түскен құжаттарды кім өңдейді?
C. хатшы-референт
10. Ресми құжаттар дегеніміз не?
E. заңдастырылған іс қағаздары
11. Құжатты топтастыру – оларды ...
D. ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу
12. Белгілеу тəсіліне қарай құжаттар қалай бөлінеді
A. жазба, графикалық, акустикалық
13.Заңдылық күшіне қарай құжаттардың бөлінуі
B. шын жəне жалған
14. Жасалу сатысына қарай құжаттардың бөлінуі
C. түпнұсқа жəне көшірме
15. Толтыру орнына қарай құжаттардың түрі
B. ішкі жəне сыртқы
аңыз әңгімелердің бірінде былай дейді: «Төле бала бірде Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады. - Балам, мынаны сындырып көрші? Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. - Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба: - Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. Сонда Төле бала: - Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. - Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті». Әнет баба Қалқаман-Мамыр дауы кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік айтады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, «енді тентегіңді сен өлтір» деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың шартына амалсыз көнген Әнет баба «Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын» деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасында: «Әнет бабаң - Арғынның ел ағасы, Әрі би, әрі молда ғұламасы. Орта жүзге үлгі айтқан ғаділ екен, Сол кезде тоқсан беске келген жасы», - деп суреттеледі. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мазарына жерлеген. Алматы қаласы көшелерінің біріне Әнет баба есімі берілген.