Жыр (көне түркі тілінде - иыр)
1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне түркі тіліндегі "иыр" сөзі де қазіргі "поэзия" терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазірғі қарақалпақ, қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт, татар, тағы басқа түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады;
2) тар мағынада - қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостык жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, тағы басқа түгелдерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған. Поэзиядағы бұл жанрды жазба әдебиет өкілдері де (Абай, С.Торайғыров, тағы басқа) орнымен пайдаланған. Буын санының бірқалыпқа түсіп тұрақтануы - Жыр жанры дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған құбылыс. Ежелғі замандардағы Жыр өлшеміне аралас буын тән болған. Мұндай өлшем қазақ халкының толғауларында, ногай халқының йырларында, башкұрт халқының қобайырларында, қырғыз халқының санатында сақталған. Тармақтарындағы буын саны 7-ден 15-ке дейін жетеді. Аралас буынды үлгілер батырлар жырында да кездеседі.
ответ:Тіліміз біздің бірінші бай лығымыз, ырысымыз, қазынамыз, «Ана тіліміз» деп, тілімізді ерекше құрметтейміз.
Сондықтан, өз тілімізге жауапкершілікпен қарап, білуге міндеттіміз. Басқа тілді де білу керек, қанша тіл білсең де өз еркің. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
«Ұлттың тілі-ұлттың діні» демекші қандай ұл болмасын ең басты байлығы –ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып, басқа елдермен тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан, туған тілдің абыройын жоғары ұстау –әбір қазақ азаматының борышы.
Ана тілі –ар өлшемі. Тілді шұбарлау –арды шұбарлау, тілді қорлау.
Туған тілге сүйіспеншілікпен қарау –ұлтжанды азаматтың басты міндеті. Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәрбиесінің негізгі қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмасада адамзаттың тірлігінде маңыз болмайтыны белгілі. Демек тілдің орны ерекше.
Тіліміз –елді, қоғамды біріктіруші күш. Сондықтан еліміздің тағдыры тіліміздің тағдырымен тікелей байланысты. Бүгінде қазақ тілі –Қазақстан халқын бір мақсатқа топтастыратын, ұлттық жаңғыртуымызға серіпіліс туғызатын айрықша күшке ие болады. Тіл тағдыры –ел өміріне қатысты саяси маңызы зор мемлекеттік мәселе.
Тілімізді қадірлеу, оның өзге тілмен шұбарлануына жол бермеу, қамқорлыққа алып, құқығын қорғау-баршамыздың міндетіміз.
Объяснение:это правда