Тарихи деректер - тарихи процесті айқындайтын және адамзат қоғамының өткенін зерттеуге мүмкіндік беретін барлық объектілер; материалдық мәдениеттің, жазба ескерткіштердің, салт-дәстүр мен әдет - ғұрып , т.б заттары.
Тарихи деректер арқылы өткенде не болғанын біліп, анализ жасап,белгілі бір заманнан қалған деректер арқылы сол заманның тарихын білуге болады. Тарихи деректерді көбінесе сол заманда өмір сүрген тарихшылар немесе сол заманда өмір сүрген ақын-жыраулар қалдырып кетеді. Осындай деректер арқылы қазір өткеннін тарихын біле аламыз.
Объяснение:
Күштеп ұжымдастыруІрі жазу 1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады.