Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын
Қала әдемі, үлкен болса да мен өз ауылымды сағынамын. Ауылда тұрамын осында менің әкем, анам, әпке, сіңілім, інім, бауырларым. Менің ұстазым, достарым. Біздің ауыл шағын бірақ бізге керек бәрі бар; балабақша, үлкен, жаңа мектеп, мәдениет үйі, спорт мектебі. Мектепте барлық үйірмелер бар. Біздің ауылда мұнай өндіреді.Ауылға кірер аузында келіндерді күтіп алар шағын ағаш үй бар «Келін төбе» деп аталады. Алыстан шаршап келе жатқанда сол ағаш үй көрінсе ауылға жақындадық деп қуанып секіреміз.Ауылымның тұрғындары таныс, көшелері таза. Әкем бізге ауыл таза болсын десе ауланы таза ұстаңдар дейді. Менің кішкентай сіңілім көшеде балмұздақ, шырын ішсе де қорабын далаға лақтырмай үйге алып келеді сонда әкем міне апаларынан үйренген деп мәз болады.Маған жылдың барлық мезгілдері ұнайды. Қыста отбасымызбен аққала жасаймыз, көктемде әкем құстарға ұя жасайды, анам әдемілеп әрлейді ол ұя әлі тұр торғайлардың қонғаның терезеден қарап отырамыз, жазда өзенге шомылуға барамыз, жайлаудағы туысқандарға барамыз. Нағашыларым егін өсіреді жаздың көп күнің сол жақта өткіземін. Нағашы әжем қалада тұрады ол да бізбен бірге өзінің туған ауылына барады. Күзде сары, қызғылт жапырақтарды тереміз анам неше түрлі әдемі заттар жасайды. Әрқашан ата - анам бауырларым қасында аман болсын!Ауылда өз отбасынмен бірге тұрғанды ұнатамын, кешкі дастарханда бірге отырып тамақтанғанды жақсы көремін. Демалыста Саркөлде тұратын әжеме барамыз, шаруасына көмектесеміз кішкентай сіңілім шыбыннан қатты қорқады, бөпем малдың төлін көріп кетпеймін деп жылайды. Жазда әжемнің ауласындағы сәкіде шәй ішеміз. Бауырларымның бәрі жиналып у - шу боламыз.Менің туған ауылым – мақтанышым.
Объяснение: