Женя3725
15.10.2020 11:48

"Батыр туса ел ырысы" эссе 120-140 сөз​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
imamverdueffsa
21.03.2020 15:59
Проза

Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың іс-әрекетіне көз жіберіп, көңілсіздеу күйде көзін жұмған.

Ұйықтайын деп ойлаған, бірақ көзі ілінбей-ақ қойды. Амалсыз қырау тұрған терезеге таянып, ыстық демімен алақандай жерді ерітіп тысқа үңілді. Ұлан асуына көтерілер тұстағы тау ішіне дендеп енген екен бұлар. Ақтұмсық Алтайдың танауына әлі сірге жүгірмепті. Маңай мұрты бұзылмаған сере-сере қар. Алты ай қыс ағыл-тегіл аспаннан саулаған ақ тасқын қымтаған қалпы. Өлі дүниедей. Бойында бірақ белгісіз бір сес бар... Өзі кеше ғана аттанған Алматыны еске алды. Көкек астанада күшіне еніп, қызуы қоламтадай жүз шарпығалы Алатаудың да биік бауырындағы қалың қар лас лайсаңмен апыл-құпыл аттанып кеткен еді ғой. Биыл биік Алтайдың басындағы ұшпа бөркі тұрмақ, етегіндегі жел қағып, қар тоқтамайтын тастақ қыраттары да наурыздың ақша қарын жамылып, самарқау жатыр. Сырбаз Алтай тәрізі көктемге жонын бергісі жоқ.
0,0(0 оценок)
Ответ:
gustzhatetskiy
02.02.2021 10:25

Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота