shybite
03.04.2022 08:11

Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып , сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар:
1) Сұхбат берушінің пікірінше, әзіл-сықақ театрларының кемшілігі неде?
2) Өнердің дамуы үшін өнер иелерінің еңбектеріне лайықты еңбекақы төленуі міндетті ме?
3) Өнер адамдары таланттан бөлек қандай қабілеттерге ие болуы керек?
4) Қазақстандағы театрлардың жағдайы қандай күйде?

Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді.
– Қазір әзіл-сықақ театрларының саны бар, сапасы сын көтермейді деп көп айтылып, жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай?
– Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты. Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құда-құдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ шашуға да болмайды.
– Әзіл-сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады?
– Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады. Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып, өздерін жарнамалауға бейім. Оны өздері де байқамайды. Бұл – сахналық мәдениетке томпақ нәрсе. Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған дүниелер беріліп жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты. Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.
– Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз өздеріне деген сенімділік пе?
– Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін, мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі бірдей емес.
– Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті?
– Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі қажет. Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…

2. Мәтіннің негізгі айтар ойы неде? Клишеге сүйеніп екі сөйлеммен ой түйіндеңіз.
Клише:
Менің ойымша негізгі ойы... . Оған ... дәлел бола алады.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
renata59
24.07.2021 04:53
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатының, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факт орлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.
0,0(0 оценок)
Ответ:
evadudina2016
14.02.2021 06:20

1) Назым - "Қамбар батыр" жырының кейіпкері.Ел мәселесін саналы түрде ашық айтқан қыз.Әзімбай өз қызына жар болатын кісіні Назымның өзіне таңдатады.Осыдан Назымның көреген,өз айтқан сөзінен қайтпайтындығын көреміз.Ақылды,өжет,асқан сұлу,адал.Көңілі қашан да Қамбарда болды.

2) Құртқа - "Қобыланды батыр" жырының кейіпкері.Көрінген көк аттыға ілесе бермейтін текті қыз. Жыр бойы Құртқаның даналық, көріпкелдік қасиетін көреміз.Ол - «Ақылың сенің қыз Құртқа, Патшаға бітсе болмай ма?» деп Қобыландыдай батырды ой тереңдігіне тәнті еткен дара бейне.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота