А тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады. Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады. Адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – бірбеткейлік. Өзгенің дегеніне көне қоймайтын бірбеткей мінезден туатын көптеген ерегестердің арты үлкен ұрыс-төбелес, дау-дамайға, тіпті адам өліміне дейін апаратынын көз көріп, құлақ естіп жүрген жайт. Алайда бірбеткейлікті ақиқаттан бет бұрмауға тәрбиелей білген адам туралықтан таймайды.
1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»). Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір елеулі. Ол И.А. Крыловтың мысалдарын, Л.Һ. Толстойдың әңгімелерін орыс тілінен қазақ тіліне аударумен қатар өзі де қысқа әдемі әңгімелер жазды. Ы. Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ы. Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің негізін қалааушы.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку