GromKR
31.07.2022 19:39

Мен саяхаттағанды ұнатамын. Қазақстанда көркі көз тартар көрікті де әсем жерлер көп. Сондықтан әлемнің басқа түкпірлеріне жол тартпас бұрын, туған даламның сұлулығын тамашалағанды жөн көремін.

Өзім Алматыда туып-өскендіктен, табиғаттың сұлулығын көріп өстім. Сұлу қалам Алматының көрікті жерлері өте көп. Биші қайыңдар, Шымбұлақ, Медеу мұзайдыны менің жиі баратын жерлерім. Жыл сайын жазғы демалыста басқа қалаларға барып тұруды ұнатамын. Көкшетау, Семей, Жезқазған, Астанада қонақ болып қайттым. Әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Маған Көкшенің сұлу табиғаты айрықша әсер қалдырды. Оқжетпес, Жұмбақтас, Абылайхан тағына бардым. Шортанды көлін көріп қайттым. Тамаша қарағайлы ормандар, биік жартастар Мысыр пирамидаларын есіңе салады.

Маған өз елімнің әр қаласы ұнайды. Қазақстан бойынша түгелдей саяхаттап, онан соң басқа да мемлекеттерді көргім келеді. Бірақ Отаныма еш мемлекеттің жетпейтіні анық.

Здесь надо найти тірек сөздер у меня тжб​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
alyamiller1513
10.07.2020 18:21
                 Менің сүйікті саным.
Менің сүйікті саным -жеті.Қазақ халқында жеті саны киелі сан болып есептеледі.Жеті санында күш бар деп саналады.Жеті сан бақытты сан.Сондықтан өзіме зат сатып алғанда жеті санына байланыстырып аламын.Мысалы жеті қалам , жеті қарындаш сатып аламын.Мен таңертең сағат жетіде тұрамын.Сағат жетіде тұрсам жолым сәтті болады деп сенемін..Мен әрқашанда сан таңдағанда жеті санын таңдаймын.Бұл сан маған бақыт, жақсылық әкеледі деп сенемін.Жеті ерекше сандардың бірі.Сондықтан жеті саны менің сүйікті саным.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Torisan
10.07.2020 18:21

Ата - ананы сыйлау.

Әрқайсымыз үшін бұл өмірде ата – анамыздан жақын әрі ыстық адам табылмас. Ата – анамыз біздерге осы өмірге келуімізге себепші болып, өмір сыйлаған адамдар. «Анадан асыл бар ма жан?» демекші, аналарымыз түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеп, тәрбие беріп,осы күнге жеткізді.Осы орайда ойыма «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген мақал түседі.

Сонымен қатар, ардақты әкелеріміздің де орны бөлек. «Әке көрген оқ жонар» демекші, бала тәрбиесінде, отбасында әкенің қамқор, тірек, асыраушы ретінде алатын орны ерекше.  

Менің ойымша баланың ата – ана алдындағы ең бірінші парызы – бұл кісілерді сыйлап, олар айтқан кеңестерге құлақ асып, ешқашанда жерге қаратпау. Ата – ананы қадірлеу кішкене күннен қалыптасып, есейе келе ата – ана мен бала арасындағы достық қарым – қатынасқа ұласады. Өз басым ата – ананы сыйлау дегенді былай түсінемін: үлкендердің айтқанын екі еткізбей орындау, үлкен кісі сөйлеген кезде сөзін бөлмеу, қарсы жауап қайтармау, әдепті болу. Ата – ананы сыйлау – бұл біздің перзенттік парызымыз.

Менің ата - анам - менің үлгі алар тұлғаларым. Ол кісілер мені әрдайым шыншыл болуға тәрбиелейді. Мен әдепті болып, анамның жүрегін жылатқым келмейді.

Сондықтан әкелеріміз бен аналарымыз – өмірдің мәні де сәні екенін есте ұстап,ата-ана өміріміздің шамшырағы, отбасының негізгі дінгегі,  дәнекері екенін ұмытпайық!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота