«Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек» деп жатады үлкен кісілер. Бірі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау. Яғни, таңдаған мамандығымыз біздің өмірлік нанымыз екенін есте ұстаған жөн.
Ғаламтор бетінде жарияланған мәліметтерге сүйенсек, елімізде екі миллионнан астам жастар өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді екен, басқа сөзбен айтқанда дипломдары бар, бірақ жұмыстары жоқ. Бұл қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұның себебі неде деп ойлайсыздар?
Менің ойымша, бұл мамандықта дұрыс таңдамау салдарынан орын алады. Себебі, қазіргі жастар заманауи мамандық таңдауға көп көңіл бөліп, ал жұмыс істеуге келгенде оны игере алмай жатады. Яғни, әрбір мектеп бітіруші түлек мамандық таңдар алдында өз – өзіне "ол маған не үшін керек?", "мен өмір бойы осы салада жұмыс істей аламын ба?", "бұл мамандықтың қыры мен сыры қандай?" деген сұрақтар қойып, ойланғаны дұрыс. Сонымен қатар, әр жоғары оқу оырндары арнайы жас түлектер үшін ашық есік күндерін өткізеді. Сол жерде кәсіби бағыт – бағдар беретін мамандырмен тілдесіп, кеңес алған дұрыс деп есептеймін. Сонда елімізде дипломы басқа саладан, өздері мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген жастар қатары азаяды деп ойлаймын.
Елорданың көрікті жерлері
Астана - Бәйтерек” кешені
Керемет құрылыс Астананың қасиетті белгісі болып табылады. 97 метр биіктікте көрініс алаңы орналасқан, сол құс ұшатын ұядай жерден бой көтеріп келе жатқан Астананың көрінісін көре аласыздар.
“Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанарум, кинозал.
Күмбезді залда Сіз Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қабырғасы, Галикарнас кесенесі, Бостандық ескерткішін және т.б көре аласыздар. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылай аласыздар. Кинозалда Сіздер мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз.
Елбасының мәдени орталық мұражайы
Мұражайда көне замандағы хандықтардың құрылуынан бастап Қазақстанның Егемендігін алғанға шейінгі уақытты қамтиды.
“Қазақстан картасы - “Атамекен” этно-мемориалдық кешені
Ашық аспан астындағы бұл мұражайда Қазақстанның барлық 14 облыстары, Астана және Алматы қаласының обьекттері кішкентай макет ретінде жасалған. Карта мамыр айынан бастап қазан айына дейін ашық.
Әуенді фантандар бағы
Кең бақ сол жағалауды екіге бөледі. Бұл саябақ үш деңгейлі көрме құрылысынан және 2 павильоннан құрылған. Әйнектелген өтулер, ашық көрмелер, жасыл газондар, түрлі түсті жолдар, әуенді фантанды қоршаған үлкенді кеселер.