Шығыс Тянь-шань-(т-дауыссыз, қатаң. я-дауысты, н-дауыссыз, үнді. ш-дауыссыз, қатаң. а-дауысты, жуан) етегінде құрлықтағы терең қазаншұңқырлар-
дың бірі – Турфан (т-дауыссыз, қатаң, у-дауысты, жуан. р-дауыссыз, үнді. ф-дауыссыз, қатаң. а-дауысты, жуан. н-дауыссыз-үнді) ойысы орналасқан (ҚҰЭ, 9-т.). 2. Ертіс-Құлынды
жазығы Павлодар (п-дауыссыз, қатаң. а-дауысты,жуан. в-дауыссыз,ұяң, л-дауыссыз,үнді. о-дауысты, жуан. д-дауыссыз, ұяң. а-дауысты,жуан. р-дауыссыз,үнді) облысының күңгірт қара қоңыр топырақты ауданын
қамтиды. 3. Соколов-Сарыбай (с-дауыссыз,ұяң. о-дауысты,жуан. к-дауыссыз,қатаң. о-дауысты, жуан. л-дауыссыз, үнді. в-дауыссыз, ұяң.)қашар кен орындарында темір кені
өндіріледі. 4. Тобыл-обағанның жазық даласы батысында Орал (о-дауысты, жуан. р-дауыссыз,үнді. а-дауысты, жуан. л-дауыссыз,үнді) сырты
үстіртімен, оңтүстігінде Торғай (т-дауыссыз,қатаң. о-дауысты,жуан. р-дауыссыз,үнді. ғ-дауыссыз,ұяң. а-дауысты,жуан. й-дауыссыз, үнді.) қыратымен, шығысында Есілдің сол жақ
жағалауымен, солтүстігінде орманды даламен шектеседі. 5. Шерубай-
Нұра - Қарағанды облысының Абай (а-дауысты, жуан. б-дауыссыз,ұяң. а-дауысты,жуан. й-дауыссыз,ұян) ауданы, Бұқар жырау аудандары
аумағындағы өзен (ҚФГ).
топ теклендегі.
Қазақстанның қызыл кітабы туралы.
Ұлы ақын Қадыр Мырза Әли атамыз "Қызыл кітап - тірі жан тимесін деп, хайуанатқа берілген қызыл мандат", - деп жаырлап кеткендей, Қызыл кітап - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Алғаш рет 1978 жылы жануарларға арналған, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.
«Қызыл кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми - зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ еңбек етіп, ғылыми – практикалық конференциялар ұйымдастырды. Қызыл кітапқа енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды.
Қызыл кітапқа белгілі бір түрде енгізу үшін ғалымдар әр жануардың немесе өсімдіктің бес санатын анықтаған:
I санат – жойылып бара жатқандар.
II санат – саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып кетуі мүмкін.
III санат – сирек түрлер, қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер.
IV санат – белгісіздер, толық зертелмеген түрлер.
V санат – қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер.