Қазақ елінің достығы әлемге әйгілі.Қазақ елі көптеген ұлттар мен тату-тәтті,бейбітшілікте тұрады.Бір-біріннің тауарларын сатып,сөз байласып.Оны өзге ұлттардың өзі де біледі.Бұл достық ешқашан жойылмаса екен.Көбінесе қазақ елі орыстармен дос.Қазақстанда тұратындардың көбісі орыстар.Қазақ елін өзге ұлттар қонақжайлығымен,достығымен,пайдалы қазбалары мен жақсы жағынан таниды.Дәл осындай елде,тыныш заманда,татулықта тұрғанға не жетсін.Өзімнің қазақ елінде тұрып жатқаныма мақтанамын.Қазақ елінің достығы әрі қарай дамып,нығая түсетіне менің ешқандай да күмәнім жоқ.Мен болашақ ұрпақтарға сенемін.Әлі де көп ұлттармен танысып,сөз байланысатын шығармыз.Қазақтың елі,дәстүрі,тарихы,достығы,тағамы,батырлығы бүкіл әлемге естілсін
Объяснение:
Жер шарындағы әрбір адам бейбіт өмірді қалайды. Менің ойымша, дүниедегі ең үлкен бақыт – соғыстың болмауы. Қарулы қақтығыстар жиі болатын мемлекеттерде, адамдар үнемі қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Тіпті, қарсыласын жеңіп, аумағын ұлғайтқанның өзінде, ешқандай халық өзін қуанышты сезінбейді. Өйткені, соғыс бар жерде, өлім де бар. Ұлдарынан, күйеулерінен және әкелерінен айырылған отбасылар, олардың батыр екенін білгенімен, қаза болған жақындарын қайтара алмайды. Соғыс адамзаттың дамуына кедергі келтіреді. Ол көптеген табиғи ресурстарды, ақшаны, уақытты және адам өмірін қажет етеді. Әскери жанжалдардың кесірінен, біз маңызды технологиялық жетістіктерге кеш жеттік. Әрине, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге үлкен алғысымды айтамын және жеңіске жету қаншалықты қиын болғанын түсінемін. Бірақ, мұндай соғыстың болашақта қайталанбауын қалаймын. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы, басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста. Біз ертең не жейтіңіміз, қайда ұйықтайтыңымыз туралы ойланбай, толыққанды өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, осы бейбіт өмірді сақтап қалуға тырысыумыз керек.