Keranius
04.03.2022 03:06

1. М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасы арқылы қандай идеяны негіздейді?

А) Махамбеттей батырға

Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?!

В) Кім аяққа басса заңын даланың-

Ұмытқаны қатал тарих сабағын...

С) Туған елім –арман, мұңым,

Енді сені жетелейді жол қалай?..

Д) Мен сенемін, күні ертең

Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем...

[1]

2. «Қонақтар» шығармасындағы басты көтерілген мәселе қандай?

А) ұлттық тілді құрмет тұту

В) дұрыс армандай білу қажет

С) ата-ана сағынышы мен арманы

Д) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы

[1]

3. А. С. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде неге сенім білдіреді?

А) халқының сүйікті ұлы болатынына

В) өлеңі арқылы есімінің өшпейтіндігіне

С) келешекте алып ескерткіш орнататынына

Д) орнатқан ескерткішінің Александр мұнарасынан биік болатынына

[1]

4. –Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой. Әйтпесе...Берілген сөз тізбектері арқылы автор қандай мәселені алға тартып отыр?

А) балаға дұрыс білім беру

В) туған тілді құрметтемеу

С) туған баласына көңіл бөлмеу

Д) өзге тілді меңгеру қажеттігі

[1]

5. М. Темірбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің негізгі идеясы қандай?

А) Елді бірлікке шақыру, тұтастыққа шақыру.

В) Жастар-тәуелсіз елдің ертеңі, ұлт болашағы.

С) Тәуелсіздік-төккен қан мен асқақ арман жемісі.

Д) Тәуелсіздік туының астына біріккен халықтың асқақ арманы.

[1]

6. Т. Әбдіковтің «Қонақтар» шығармасындағы Ерғабыл шалдың баласына не себепті көңілі толмады?Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).

[2]

7. «...Батырлығы жоқ адамнан

Үлкен ақын шыққан емес ешқашан...» Келтірілген өлең жолдары арқылы Махамбет ақынға мінездеме беріңіз. Оған Махамбеттің іс-әрекеті арқылы дәлелдеме келтіріңіз (3-4 сөйлем).

[2]

8. Неліктен Т. Әбдіков шығармасы «Қонақтар» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (3-4 сөйлем).

[2]

9. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде өз шығармасының кейін басқа тілдерде тарайтынына кәміл сенген. Оған қырағы ақынның қай сөздері мысал бола алады? Ойыңызды шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізіңіз (3-4 сөйлем).

[2]

10. Тәуелсізбін! –

Танып тұрмын өзімді.

Ұшырамын қанат байлап сөзімді.

Ешкім енді көкірегімнен итеріп, ешкім енді шұқымайды көзімді...-деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).

[2]

11. М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасында келтірілген әке үкіміне негіздей отырып, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
vladvladc
02.01.2023 14:48

Астана - біздің мақтанышымыз.

Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.

Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.

Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Andreораидзпч
23.03.2023 14:22

Елбасымыздың Жарлығымен 1 наурыз Қазақстанда алғыс айту күні болып жарияланған. Бұл күннің таңдалған себебі, 1995 жылдың  1 наурызында Қазақстан халықтар ассамблеясы құрылған болатын.

Бұл күн Президенттің ұсынысымен халықтардың бір - біріне, сонымен қатар қазақстандықтарға кезінде жер аударылған халықтардың бәрін мейірбандық пен қонақжайлылық танытқаны үшін рахмет айтып, алғыс білдіреді.

Бұл мерекенің маңызы өте зор. Халықтарды ауыз біршілікке үндеп, ынтымақтастықта өмір сүруге шақырады.

Тәуелсіз мемлекетімізде бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір жүріп жатқан халықтардың достығы мен сыйластығы арта берсін!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота