Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,
Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлыттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
1. Өлеңнің тақырыбын анықтаңыз. ( )
А) табиғат құбылыстары
B) жастар тәрбиесі
С) саясат мәселесі
D) ғашықтық
2. Өлеңнің негізгі идеясы қандай? ( )
А) өз Отанының елдігін, ерлігін мадақтау
B) табиғаттың көрінісін сүйсіне жырлау
С) ауыл адамдарының тұрмысын сипаттау
D) білім алуға шақыру
3. Өлең жолын жалғастырыңыз. Дем алысы — үскірік, аяз бен қар, ( )
А) Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
B) Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
С) Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,
D) Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
5. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. ( )
А) Өлеңде қай мезгіл суреттелген?
Б) Бұл мезгілдерде қандай өзгерістер болады?
В) Бұл мезгілдің басқа мезгілдерге қарағанда қандай ерешеліктері бар?
Жазылым