sakomaga
02.06.2023 14:01

нужно время дописать на казахском​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Androchshuk15
02.12.2020 09:13
Отбасы - өмір тірегі.
Біз үлкен отбасымыз. Бәріміз  қандай да бір істі бастар алдында атам мен әжемнің ақылына жүгінеміз. Олар өте мейірімді, ақылды, өмір тәжірибесі мол адамдар. Ата-анам да біздердің қамқоршымыз. Олар көбіне жұмыстан қолдары босамайды. Атам мен әжем біздерге бағыт, бағдар беріп үй шаруасын орындауымызды, сабақтарымызға дайындығымызды қадағалайды. Біреуіміз атқара алмаған іске екіншіміз көмекке келеміз. Ешқандай ауыртпалықты жалғыз көтерген емеспіз. Отбасым-мақтанышым, менің өмірімнің тірегі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Treed1
04.08.2021 03:48

Эссе

Сағаттың өзі ұры.

Уақыт - адам өмірінің өлшенбес қазынасы.Әр адамға ол дүние есігін жаңа ашқаннан қайтыс болғанға дейін белгілі бір сағаттар беріледі.Уақыт адаммен санаспайды.Және ол жылдам жүреді.Босқа өткен сағаттарыңды ешқашан да қайтара алмайсың.Адамның барлық істері үшін күн, сағат, минут қажет. Барлығы уақытпен анықталады - жұмыс істеу қаншалықты, тынығудың қаншасы, достармен кездескенде және үй шаруасын істеу кезінде.Сағат сіздің өміріңізді біртіндеп ұрлай береді.Сондықтан да,оның әр минутын қастерлеп,уақытыңды пайдалы өткізе білген жөн.Қазақтың бас ақыны Абай:

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман…,-деп айтқан еді.Шынында да,сағат ешқашан тұрақтамайды,сені күтіп тұрмайды.Мысалы,ауруханада адам ауыр халде.Оның тірі қалуы үшін аз ғана минуттар керек.Оны құтқарға үлгермесе,уақыт оның өмірін "ұрлап" кетеді.Сағат деген "ұрлықшыға" төтеп беру үшін әр күніңді игілікпен,жаңа істермен өткізген жөн.Бүгініңмен өмір сүр.

Уақытпен дос бол дегім келеді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота