Объяснение:Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.
Объяснение:
Әлеуметтік желінің пайдалы және залалды тұстары бар. Пайдалы тұстарына келсек, ол қашықтағы басқа қаладағы, алыс елдегі адамдармен, таныстарыңызбен жедел тілдесуге оңтайлы құрал. Өзара пікір ғана алмасып қоймай, өміріндегі жаңалықтарымен, суреттерімен бөліседі. Интернеттегі қызықты жаңалық, сайттар, кітаптар, кинолардың сілтемелерін ұсынад
Достардың бөліскен пайдалы кеңестер, жазбалар, сілтемелерін егер өзіңіз уақыт жұмсап іздесеңіз қаншама күннің сарп болатынын есептеп шығу қиын емес. Айталық, досыңыз сілтемесін бөліскен қызықты кітаптың, киноның дүниеде бар-жоқтығынан бейхабар болғандығыңызды еске алсаңыз да жеткілікті. Бұл - әлеуметтік желінің жақсы тұстарының бірі. Оның білімді-білікті жетілдіруге, оқуға бағыттау - біздің міндетіміз.
Если что я это делала