arinalapshakova
15.06.2020 17:21

Арындасымның сәлемдемесін бердім. В) Ағасының жүрегі тулап қоя берді. С) Ата-анамның аманаты еді ғой. Д) Қара ала сиырды айдап жіберді.
Е) Жиналыс бастықсыз өтпейді.
33.Етістіктің қай түріне септік жалғауы жалғанады?
А) аңғармаса В) айтқыз С) тазалап Д) сүрткен Е) барғалы
34.Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз
А) бұрым В) келдім С) білім Д) өлеңім Е) киім
35.Көмекші есімді көрсетіңіз
А) Жүрегінің түгі бар. В) Сыртқа шығып кетті. С) Артқа шегінеге болмайды.
Д) Сабақтан кейін барамын. Е) Үстел үстін сүртті.
36.Жалаң сөйлемді табыңыз.
А) Таң сарғая қорғанның артына керуендер жиналды. В) Бұлар жүріп кетті.
С) Бұдан еш нәрсе түсініп болмайсың. Д) Біркелкі, жақсы өсіпті. Е) Жайлауға шықты.
37.Антонимдік қатарды белгілеңіз.
А) ақиқат, шындық В) қате, дұрыс С) алыс, ұзақ Д) әдемі, сұлу, көрікті
Е) кенеттен, тосыннан
38.Үстеудің сөйлемдегі атқаратын қызметін анықтаңыз.
А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш Д) толықтауыш Е) пысықтауыш
39.Ауыспалы өткен шақтың жұрнағын белгілеңіз.
А) –ды,-ді, -ты, -ті В) –ған, -ген, -қан, -кен С) –атын, -етін, -йтін, -йтын
Д) –мақ, - мек,-бақ, -бек Е) –ар, -ер, -р, -с
40.Жалпылау есімдігін табыңыз
А) әрқашан В) еш нәрсе С) барлығы Д) жалпы Е) біресе
41.Күрделі етістікті сөз қайсы?
А) жүр В) келе жатыр С) әзер берді Д) көбірек алды Е) біршама бар
42.«Орфоэпия» терминінің анықтамасы қайсы?
А) дұрыс жазу ережелері В) дауысты дыбыстардың үндесуі С) дұрыс айту ережелері
Д) тыныс белгілері Е) дауыссыз дыбыстар жүйесі
43.Салаластың түріне жатпайтынын белгілеңіз.
А) кезектес В) ыңғайлас С) түсіндірмелі Д) шартты Е) қарсылықты
44.Біреудің өзгертілмей айтылған айтылған сөзінің атауын белгілеңіз.
А) диалог В) төлеу сөз С) автор сөзі Д) монолог Е) төл сөз
45.Термин сөзді белгілеңіз.
А) әдебиет В) дәрігер С) жанр Д) торсық Е) дүкен
46.Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз:
А) см-ден В) смге С) ГАЗ-51 ге Д ) Ил-86 мен Е) см.ден
47. Қосымшаның қанша болатынын көрсетіңіз:
А) 1 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 2
48.. Тәуелдік жалғауының екінші жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді табыңыз:
А) Кәсіпорындарыңда В) Ұлттарымыз С) Қазынаңыз Д) Үйіміздегі Е) Қалам
49. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Қаламым, қолым, еңбегі В) инженермен, электрикпен, батырмен
С) желінің, зарядқа, тұтынушығаД) студентсің, ұстазбын, ақылдысың Е) тұтынушыдан, электриктен, орталықтан
50. Туынды сөзді табыңыз:
А) Еңбекші В) Еңбекті С) Еңбегің Д) Еңбектен Е) Еңбекпен
51. Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз:
А) Көрме В) Үрле С) Күлкілі Д) Қызғылт Е) Бағала
52. Жіктік жалғауында тұрған сөзді табыңыз:
А) Кеншінің В) Табалдырық С) Диспетчер Д) Кеншінің Е) Ауылданбыз
53. Септік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз:
А) Көріксіз В) Экономикалық С) Орталықтандырылған Д) Қашты Е) Қағазды
54. Қосарлама қос сөзді табыңыз:
А) Бақа-шаян В) Сұп-сұр С) Өзіне-өзі Д) Медпункт Е) Қайта-қайта
55. Қай сөз жіктелмейтінін белгілеңіз:
А) Көз В) Студент С) Маман Д) Инженер Е) Сезімтал
56. Күрделі сөздер қатарын белгілеңіз:
А) Сен-ақ, үп-үлкен В) Кірпіш, доп С) Сары жайлау, туыстас Д) киім-кешек, ер-тұрман
Е) шөпшек, үйшік
57. Мына сөздерге көптік жалғауының дұрыс жалғанғанын табыңыз:
А) Бірнеше кісілер В) Студенттер С) 250 қойлар Д) Екі құрттар Е) Сүттер
58. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз: Жылу электр орталығының құрылысы басталды
А) Электр В) Жылу С) Орталығының Д) Басталды Е) Құрылысы
59. Біріккен сөздердің қалай жазылатынын белгілеңіз:
А) Дефис арқылы В) БіргеС) Бөлек Д) Сызықша арқылы Е) Үтір арқылы
60. «Арманыма» сөзіндегі соңғы қосымшаны табыңыз:
А) Тәуелдік жалғауВ) Барыс септік С) Көптік жалғау Д) Жіктік жалғау Е) Жұрнақ
61.Қай сөз лат​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Мария31011
25.12.2021 11:57

Жастардың міндеті-білімге ұмтылу.Қазіргі кезде жастарға арналған білім ордалары көптеп саналады.Білім деңгейі жоғары азаматтар еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз етеді. Ол үшін мамандық таңдап, белгілі бір кәсіп иесі болу шарт.Білімді азамат елге, қоғамға пайдалы болуды ойлайды.Білім-таусылмас кен демекші, жоғары білімді мамандарымыз біліктіліктерін арттырып, мықты мызғымас елдің іргетасын қалау үшін еңбек етуде.Жас маман жан-жақты болғаны жөн.Өйткені еліміз олардан зор үміт күтеді, мол сенім артады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
anaStasyaplus
04.05.2023 11:19

Өлең тұтастай оқиға желісіне құрылған және тарихи деректермен берілген, осыған қарап нақты тарихи оқиғаның берілгендігін аңғару қиын емес. Бұл 1916 жылғы сар даланы сабылтқан сұрапыл жарлық болатын. Өлең мазмұнынан халықтың толқынысты хал-жағдайын, күпті көңіл-күйін нақты көруге болады. Жамбыл Жабаевтың өзі де бұл тарихи оқиғаның саналы куәгері болғандықтан, қалтқысыз жеткізе білген.

«Отыз бір – он тоғызды алад» деген

Суық хабар халықты бұлқындырды.

Жылады сорлы халық малын айтып,

«Кеткен соң қолдан шығып келмес қайтып», -

Дейді де, еңірейді, егіледі

Қайғының күндіз-түні күйін тартып. –

Міне, қарапайым халықтың күйі осы. Халық нақақтан баз кешуде. Ал басы бір, намысы нар азамат ерлер бір тудың астына ат байлай бастады. Алайда, атпалдай азаматтарды әскерге былай бір алып кетсе, арынды ерлерді тұтқынға салып, дарға асып жатты. Бұл қайғылы да қасіретті көрініс Жамбыл жыраудың жанын жаралап, боздақ күйін базыната берді. Жыраудың ендігі күйі – халықтың басына үйірілген қара бұлтты жырмен сейілту. Боздақтарынан айырылған халықтың есеңгіреген ымырт шағы шығармада жақсы көрсетілген. Тарихи тұтастықты теңдей ұстай отырып халық мақсат-мұратын жырлай білген дала жырауының жыр шумақтары үлкен бір тарихи жырды алып келе алды. Өлең көлемі тарихи жырдың көлем пішіміне еш келмесе де сипатталған сюжет пен жеткізілген оқиға сарыны тарихи жырдың күшін танытып тұр.

Жөнелді абақтығы соры қайнап.

Барады боздақтардың көзі жайнап.

Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ

Білмеді не боларын сырттағы ел

Қамалғандарды тірідей тартты азап.

Жырда шытырман оқиғалар да біртіндеп беріліп отырады. Халықтың жасаған әскери қимылдары мен басшы батырлардың ту көтерген ұрыстарынан дерек беріліп, сипатталып отырады. Шығарманың бұл ерекшелігі – оқиға мен жыраудың жеткізгісі келген идеясының сіңісіп кеткендігінен болса керек.

Жырау толғап отырған жырдың идеялық қуаты жыр шумақтарының соңында кесіліп түседі:

... Аттандық ұлығының қонысына

Елді сорған борсықтай болысына.

Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып

Көксеген азаттықтың соғысында.

Азамат ердердің ардалы ісін жырына қосып, қос қолдап жырлай білген жыраудың мұраты да ерлердің ісін дәріптеу болатын. Қиямет заманда халқының мұң-қайғысы мен намыс арманы үшін жанын қиған Бекболаттай, Ботпайдай ерлердің батырлық болмысын келер ұрпаққа үлгі ету керек болды. Осылайша, қаһармандық жыр туа келді. Азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін танытқан осынау Жамбылдың жыры ұрпақ үшін жоғалмас қазына болмақ.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота