Қарағай, самырсын, балқарағай, арша
Қарағай – қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек.
Маңызы: Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.
Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.
Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор.
Самырсын — қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. Қазіргі кезде 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты шарда өседі, ішінара тропиктік белдемдерде (Мексика, Гватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіздеңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны және Ақ қарағай бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей.
Маңызы: Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады. Самырсындар — аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек.
Балқарағай - қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы бар. Оның биіктігі 30 м-дей, діңінің диаметрі 175 см-ге жетеді. Жел арқылы тозаңданады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйекте жемісі бүрімен қатар піседі.
Маңызы: Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.
Арша - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы.
Тұқымдас тармағының уәкілдері Солтүстік жарты шарда Арктикадан субтропиктік таулы аймақтарға дейін кең таралған. Тау беткейінде де құмды жерлерде де жақсы өседі.
Маңызы: Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады. Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады.
Мал дәрігерлігі практикасында арша жемісі несеп айдайтын, асқазан – ішек жұмысын жақсартатын және өңеш бездерінің қызметін арттыратын дәрі ретінде қолданылады. Арша жемісі малдың асқазанына түскеннен кейін оның құрамындағы эфир майлары асқазан – ішектің кілегейлі қабығын тітіркендіріп, олардың жиырылып – созылуын үдетеді, ішектегі зиянды газдардың тез шығуына ықпал етеді. Организмнен эфир майлары бүйрек және өңеш бездері арқылы шығады. Осы эфирмайлары бүйрек пен өңеш бездерінен қатты әсер етіп, олардың жұмысын жақсартады. Халық емінде арша жемісі ежелден – ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келген.
997 жылы ақмола қаласының астанасы деп жариялануы «бүкіл мемлекетіміздің ң алғашқы қозғаушысы және серпін берушісі болды. астананы ауыстырған кезде қазақстанда тұрғын үй құрылысын ға тұтас 50 миллион доллар бөлінді. жаңа астанадағы 9 шағын аудан осы ақшаға салынған. 1996 жылы президент жарлығымен арнайы қ аймақ құрылды.
деректерге көз салсақ, арқа төсіне көшіп келген жылдары астанадағы тұрғындар саны 290 мыңдай болған. ал, қазіргі есеп үш еселенді, 800 мыңға жуықтады.
«жер сілкінісінен кейін жүргізілген жедел іс-шаралар ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалуы, сондай-ақ қала халқының тіршілік жағдайының зақымдалуы тіркелген жоқ деп сеніммен айтуға болады», — делінген тжд баспасөз мәслихатында дүйсенбі таратылған ақпараттық парақшада.
алға баста, астана! - деп кәкімбек салықов ақын ағамыз жырлағандай астана қаласының қазақтың жүрегімен тілдесіп, арман - үмітімен үндескен, елбасы кіндігін кескен елорданың сағым қуған сарыарқаның төсіне қонақтағанына - 12 жыл!
тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи ақмола атауы қайтарылып берілді. бес жыл өткен соң, яғни 1997 жыл 10 - желтоқсанда бұрынғы тыңның астанасы ақмола қаласы күллі қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды.
і. кіріспе сөз.
қазақстанда астанасы целиноград болатын астықты өңірді құру сияқты никита хрущевтың тағы бір идеясын орындау мақсатында ссро министрлер кеңесінің қаулысы қабылданып қаланы ң бас жоспары, сондай-ақ оңтүстік - шығыс бағытта ескі құрылысты қайта жарақтау және жаңа құрылысты жоспары әзірленді. 1963 жылы 6 қарашада целиноградта телеорталық жұмыс істей бастады. ол кезде латвия архитекторларының жобасы бойынша салынған тыңгерлер сарайы ашылды.
1925 жылдың сәуірінде қазақстанның орталығын орынбордан ақмешітке көшіру туралы шешім қабылданды.
жаңа мектепте жаттығу залдары бар спорт-сауықтыру блогы, киномұрағаты бар, 15 мың кітапқа арналған кітапхана, асхана, медициналық пункт, акт залы және басқалары. назарбаев зияткерлік мектебінің тағы бір ерекшелігі, мектеп оқушылары ұбт тапсырмайды. мұның себебі, оқушылар білімділігі бұл тестілеуден әлдеқайда жоғары. сондай-ақ, бұл мектепте "критериалды бағалау"деп аталатын бағалау жүйесі қолданылады.
өз типі бойынша мектеп толық күн мектебі. білім беру мекемесі 600 контингентке арналған 54 сыныпқа есептелген.
-казахский и казахско- онлайн словарь sozdik.kz содержит более 60000 словарных статей по каждому направлению перевода. озвучены 3000 словарных статей на казахском языке. в словаре реализован двухсторонний перевод. наш сайт идеально подходит для размещения рекламы вузов, языковых обучающих курсов ( и казахский языки), агентств по переводу, товаров и услуг для молодежи.
не пишите отзывов о качестве словаря (как положительных, так и отрицательных).