SpottedJay
22.09.2021 21:35

Сор по каз.яз. 7 класс 4 четверть

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Валерияжеле
04.08.2021 01:41
1991жылы Қазақстан өз тəуелсіздігін алды.Осы кезден бастап Қазақстанның жаңа тарихы басталды.Елдің иновациясы-жаңа идеялар табу,нөлден бастау-тапсырма оңай емес,əсіресе жаңа дамыған заманда бəрі ойластырып табылып қойған сияқты.Бірақ жаңа жəне мықты мамандар жаңа нəрселермен ойлап табудан шаршамайды,өмірді жеңілдетеді,ойлап тапқан адам ақша алады.Швецияның компаниясы Қазақстанның бизнесмендерімен бірігіп,бастама бастады.Қазақстанның ең жақсы бастамасы-Смарт сату болды. Смарт сату-тұтынушыға жəне жеткізушіге арналған платформа ,сол арқылы есеп жүргізеді,тапсырыс береді,бизнес жасайды.
ЭКСПО 2017
Егер нөлден бастаса,експо 2017 туралы айтпай кетуге болмайды.Бүкіл əлемдік мамандандырылған 2017-ші жылғы көрмеде қатысушылардың дəрежесі көрсетіледі жəне
энергиялардың жаңа мүмкіншіліктері,солардың экологиялық тазалығы,бағасы төмен болады жəне қоршаған ортаға зиян келтірмейді.Қазақстанға ЕКСПО-2017 белгілі жағдай болады:ешқашан Орта Азияда мұндай көлемдегі көрме көрме көрсетілімі ешқашан болмаған.
УНИВЕРСИАДА
Универсиада – бүкілəлемдік спорттық жарыс студенттердің ортасында болады.1993жылдан бастап Қазақстан Универсиадаға қатысатын болды.Осы кездегі жарысқа 700спортсмен,125медальмен мараптталынған спортсмендер қатысты.29қазан 2011жылы бүкілəлемдік студенттердің федерациясы Алматы қаласында өтті.28-ші бүкілəлемдік қысқы Универсиада 2017ші жылы болады
Қазақстан алғаш рет СНГ елдерінің арасында қысқы универсиаданы өткізеді.
МЕДЕУ
Қысқы ойындар туралы айтқан кезде Медеуді еске түсіреміз.
Ең үлкен коньки тебетін жер-Медеу-Қазақстанда орналасқан(16шақырым жер Алматыдан,1691м теңіз деңгейінен жоғары орналасқан)
Оған 170 рекорд тіркелген.Осылайша Байқоңыр туралы айтпай кетуге болмайды.Ең алғаш зымыран ұшыратын жер-Қазақстанда.На нём установлено 170 рекордов.
Байқоңырда бірінші ұшқыш ұшты жəне жер серіктері жіберілді.
АЛТЫН ЕМЕЛ
Қазақстанның жеткен жетістіктері туралы көп айтуға болады,бірақ біз ең алғаш құрылысты айтуымыз керек. Егер Қазақстанның əдемілігі жайында айтқанда Алтын Емел қорығы туралы ұмытсақ болмайды.Алтын емел-ең көрікті қорықтардың бірі жəне оның құқығы бойынша Қазақстанға қызмет етеді.
Балқаш
Балқаш көлемі бойынша екінші орынды алады.Оның жарты бөлігі тұзды,жарты бөлігі ащы.Əлі күнге дейін ғалымдар сырын аша алмай жүр.
Қорғалжын қорығы Қазақстанға кіреді.
Астана Қазақстанның астанасы
Астана Қазақстанның үшінші астанасы.Көріп отырғандарыңыздай көп нəрсе болды,содан соң Қазақстан өз тəуелсіздігін алды.25жылдың ішінде Қазақстан көп нірсеге қол жеткізді,қиындықтар көрді.Бірақбір нəрсе өзгермейді.Ол-Қазақстан бір мемлекет,бір отбасы!!
(Аударуға 1сағатым кетті..)
0,0(0 оценок)
Ответ:
alenalavkav7
26.02.2020 21:45

Хеопс пирамидасының сырлары.

Пирамиданы адам салғаны рас па?

Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері «жындар салған болуы ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады.

 

Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді.

 

Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32 метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас. Енді сол тылсым қызықтарға кезек берейік.

 

Таңғаларлық деректер

 

Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота