Ақсақ киік
Басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жерден биік көтеріле алмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен шапқан аттар арасындағы қашықтық бірте-бірте қысқара түсті.
Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген топ бала бұл көрініске таңырқай қалыпты. Киіктер көзден таса болып, қуғыншылар әбден көрінбей кеткенше топ бала аттылар соңында қалған бозғылт шаңның сүреңіне қарады да тұрды. Әсіресе, топ ішіндегі жасы онға жаңа келген қыз бала әлгі көрініске зер сала қарады. Жас болғанымен оның жүрегінде әлде бір аяныштың ізі қалып қойғандай еді.
(91сөз) С.Бақбергенов
Объяснение:
ответ:Ерте, ерте, ертеде, орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті.Арыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:
-Тақсыр, мені өлтірмеңізші,бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні менде бір кәдеңізге жарармын-депті.
Арыстан оның сөзіне күліп,
- Сен кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың-деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»-деп жүгіріп ойнап кете барыпты.
Күндердің күнінде арыстан жортып, ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты.
Шарқ ұрып, тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:
- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің.
- Міне, сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.
Объяснение:так прочитай учителю с аудиособщением