. Журналға жазыламын. Сабаққа пайдаланамын. Есте қалуына көмектеседі. Сөзжұмбақтарды шешемін. Достар таптым. Ойымды ашық айтуға үйрендім.
2. Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз". Монолог.
Біз бүгін Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогін сөз еттік. Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Бауыржан Момышұлының өр тұлғасын бұдан асқан қай шығарма бізге жеткізеді? Әлбетте, ешқандай. Шығармадан қаһармандық рух сезіледі.
“Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның өр мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен қалай дараланған десеңізші. Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған батырдың бейнесін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін көз алдымызда ашқандай болады. Шынымен де шығарманы оқып отырып кенет сол диалог жүріп жатырған жерде өзің де отырғандай сезінесіз. Романның стилі де ерекше. Жазушы мен батыр арасындағы диалог сол мезеттегі атмосфераны сезінуге әкеледі.
“Ақиқат пен аңыздың” көркемдік шешімі де, алға тартары да,ұғым, талғамы неде жатыр десек, командирінің Отан алдындағы міндетін бүкіл армия болып қабылдауында деп жауап қайырғым келеді. Бауыржан Момышұлының өзі ғана емес, жазушы да батыр. Құдайым-ау, ешқандай жазушыны маңына жолатпаған тұлғаға қалайша сұрақтарын қоя алды? Бұған да бір қайсарлық керек қой.
Қорытындылай келе айтарым, әрине, Бауыржан Момышұлы туралы туындылар жоқ емес. Алайда батырдың нағыз бейнесін шынайы жеткізіп білген шығарма біреу, ол – "Ақиқат пен аңыз".
Сәлем құрбым! Қал-жағдайың қалай? Өмірң қалай? Қандай жаңалықтарың бар? Сабағың жақсы ма? Өзім туралы біршама айта кетейін. Менің жағдайым өте жақсы. Жаңалықтар әзірге жоқ. Сабақ ақырындап жүріп жатыр. Тырысудамын. Қазір ең ауыр айлар өтіп жатыр. Ән мектебінде емтихандар басталуда. Қазақ-ән әдебиетінен бір емтихан тапсырдым. 21-ші мамырда мамандық бойынша тағы бір емтихан болады. Бұл әлі соңы емес. Келесі жылы мен ән мектебіндегі оқуымды бітіремін. Міне сол кезде барлығы өте қиын болады. Барлық сабақтардан, 12 беттік шығармалардан емтихандар болады, ал ол еді, оңай болмайын деп тұр. Қысқасы келесі жыл өте қиын болады. Мектепте мен 7-ші сыныпта оқымын. Жазда бізде ағылшын тілінен емтихандар өтеді. Барлығын тапсырамын деп үміттенемін. Мен сенің хатыңды тағатсыздана күтемін. Өміріңде қандай жаңалықтар болғанын және болашаққа жоспарларыңды жазарсың. Осымен бітірейін. Кездескенше. Сенің құрбың