сима666
14.02.2020 04:04

Өтінемін көмектесіңіз 1. Іс-қимылдың түрлі белгісін білдіретін  сөздер қалай аталады?

A) Еліктеуіш.

B) Бейнелеуіш. 

C) Үстеу.

D) Шылау.

E) Сын есім.

2. Бірыңғай   ашық  буынды  сөзді  көрсетіңіз.

A) Жауын.

B) Дәптер.

C) Орман.

D) Мектеп.

E) Алаша.

3. Жалпы есімді табыңыз. 

A) Көкшетау.

B) Тау.

C) Балқаш.

D) Абай.

E) Алатау.

4. Топтау сан есімді табыңыз. 

A) Екіден.

B) Алпыстай.

C) Ондаған.

D) Қырыққа таяу.

E) Екі жарым.

5. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

A) Т.Әубәкіров.

B) Т .Мұсабаев.

C) А.Айымбетов.

D) ВТерешкова.

E) Т.Бигельдинов.

6. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз. 

A) Қызыл шапан. 

B) Жігерлі адам. 

C) Ақ көйлек. 

D) Істің ақ-қарасы тексерілді. 

E) Қара киім. 

7. Түбір сөз қатаңға бітсе, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.

A) Дауыстыдан.

B) Қатаңнан.

C) Ұяңнан.

D) Үндіден.

E) Жіңішке дауыстыдан. 

8. Көптік мағына беріп тұрған жалғауды табыңыз.

A) Ауылдың маңы - терең сай.

B) Тәуелсіздік біздің арманымыз еді.

C) Үй жиhаздарын жинау.

D) Білімдіден шыққан сөз.

E) Отаным - бақыт ордасы. 

9. «Қара шаңырақтың» иесі кім?

A) Киіз үйдің бөлшегі.

B) Отбасы.

C) Шаңырақтың кіші бөлшегі.

D) Үйдің кенже баласы.

E) Үйдің үлкен баласы.

10. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.

A) Біз елімізде молшылық орнатамыз.

B) Сен мұнда не істеп жүрсің?

C) Ол жақтан апамыз келді.

D) Сабаққа кешігуге болмайды.

E) Өлеңімді өрлеттім. 

11. Сабақтас құрмаласты табыңыз.

A) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

B) Ол өзінің келіншегіне күлімсірей қарады.

C) Туған тілім –тірлігімнің айғағы.

D) Өзіңе қарай дос таңда.

E) Сыйға- сый, сыраға- бал.

12. Сөйлем соңынан нүктенің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.

Шаңқай түс.

A) Хабарлай айтылған жайылма сөйлем.

B) Хабарлай айтылған толымды сөйлем.

C) Хабарлай айтылған атаулы сөйлем.

D) Хабарлай айтылған жалаң сөйлем.

E) Бұйрықты сөйлем. 

13. Тұңғыш  қазақ музыка театры  қай қалада ашылған?

A) Алматы.

B) Астана.

C) Қызылорда.

D) Орынбор.

E) Семей.

14. Төмендегі өлең жолдарын жазған ақынды табыңыз.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім …

A) М.Дулатов.

B) І.Жансүгіров.

C) Ж.Молдағалиев.

D) А.Байтұрсынов.

E) С.Торайғыров.

15. Туынды сөз жасап тұрған қосымшаны көрсетіңіз.

A) Сый-құрмет.

B) Баламыз.

C) Түндік.

D) Проза.

E) Әтір. 

16. Алғашқы қазақ газеті қалай аталады?

A) Түркістан уәлаятының газеті.

B) «Егемен Қазақстан» газеті.

C) «Қазақ» газеті.

D) «Серке» газеті.

E) «Алашорда» газеті.

17. Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді табыңыз.

A) Емделсе.

B) Келді. 

C) Отырып кеткен.

D) Жазып алған. 

E) Айтқан-ды. 

18. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

A) Кейде сен, кейде ол келер.

B) Марат(пенен) сөйлесті.

C) Марат (пен) Қанат келді.

D) Марат(пен) барып кел.

E) Ол келді, себебін біле бер. 

19. Тұрақты тіркес қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Ардақ бұл хабарға қуанды.

B) Мен көзіммен көріп, құлағыммен естідім.

C) Тыңдай білу де керек.

D) Еркін тұрған жерде аузына құм құйылатын әдеті.

E) Ол түймесін қадады. 

20. Мезгіл пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Бұл екеуі көпке шейін үнсіз келе жатты.

B) Поезд разъезге келіп тоқтады.

C) Ол сәл ойланып қалды.

D) Сені ардақтап өтемін.

E) Сен мұны қасақана істеген жоқсың. 

21. Қарсылықты жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.

A) Сен баласы ма едің соның?

B) Мен кітап алғалы әдейі келдім.

C) Жақсымен жолдас бол, жақсы жүр.

D) Жәкем қуанғаннан жылап жіберді.

E) Біз өтетін өзеннің ағысы қатты, алайда  терең емес. 

22. Қыстырмаға тән қойылмаған тыныс белгісін анықтаңыз.

Қорыққандықтан ба әйтеуір оның қайталап айтуға батылы бармады.

A) Сұрақ белгісі.

B) Сызықша.

C) Үтір.

D) Дефис.

E) Деп белгісі.

23. Төл сөздің төлеу сөзге айналып тұрған түрін көрсетіңіз.

A) Ол менен сұрады.

B) Ол менен: ''Сен қашан келдің ?'' -деп сұрады.

C) Тәкежан балаларды ертіп, тоғайға апарды.

D) Ол менен сұрап отыр.

E) Ол менен қашан келгендігімді сұрады. 

24. XIV-XVI ғасырлар аралығында өмір сүрген қазақ шешендерін анықтаңыз.
A) Асан қайғы, Жиренше шешен.
B) Б.Адамбаев, С.Негімов.
C) Майқы би, Аяз би.
D) Абай, Ыбырай.
E) Төле, Қазыбек, Әйтеке би. 

25. Синонимі бар сөйлемді табыңыз.

A) Күнде той, күнде сауық жүрген жері.

B) Олжа, пайда, кіріс құйылып жатыр.

C) Орманда жас бала адасып, қорқып қалмасын.

D) Олар ертелі-кеш еңбек етіп жүр.

E) Үш киік омақасып құлап жатты. 

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
1234567891241
28.06.2020 06:48
Аяз би Жаманұлы (шамамен 711-800 ж.ж.)
Аяз би Жаманұлы- қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегі мен «Аяз би әлініңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі деректер бар. Майқы би Мән баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазбек бек Тауасарұлы өзінің «Түп-тұқияннан өзіме дейін» («Жалын», 1993 ж.) дейтін кібабында Аяз бидің және оның серігі Құмырысқа батырды «Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билер еді», -деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Мәнұлының замандасы, тұтас болып шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының «Алтын Сандық» атты (1989 ж.) кітабындағы шағын мәліметте Аяз би-Хиуа хандығы дәірінде өмір сүрген тарихи адамдеп, оны XI-XII ғасырға жатқызады. Бұл-әлі ререңірек зерттеуді қажет ететін мәселе.
Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энциклопедиясында былай жазылған: «Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы-қоға, құс жаманы- сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді».
Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді. Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:
Билер бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
Әзір сөзіме болма бұрыс,
Ақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ,
Орынсыз ауыз ашсаң,
Екі би басарсың шоқ.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.
Ел арасында «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөз содан қалса керек
0,0(0 оценок)
Ответ:
frausadykova20
30.12.2022 02:37
Зима замечательное время года. Особенно зимним утром! Снег блестит как серебро,но стоит взойти солнцу,как серебро превращается в бриллианты.
С неба крупными хлопьями сыпется мягкий,пушистый снежок. Все улицы-в сугробах. Домики, деревья-все покрыты толстым снегом.
Мне кажется,что только казахская зима-по настоящему прекрасна. Она как-будто бы сошла с праздничной открытки, нарисованной талантливым художником. Только казахская зима может похвастаться не только своими холодами, но и своей сказачной красотой.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота