Таңғы 5-7 сағат аралығы "ішек уақыты" деп аталады. Сондықтан таңертең оянған бойда таза, жылы су ішу керек. Маусымның жаңа жемістерінен шырын жасап ішсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді.
Күндізгі 12-14 сағат аралығында ақуызы бар тағам мен көкөніс (картоптан басқа) жеу керек. Ақуызы бар тағамға ет, балық, жұмыртқа, бұршақты тағам, көкөніс сорпасы, сүзбе, айран жатады. Ал шұжық, консервілер керісінше ағзаға зиян. Көкөністерді қуырып емес, қайнатып жеу керек. Тәтті жайлы мүлде ұмытыңыз.
Түскі астан кейін 2,5 сағаттан соң қантсыз шай ішуге болады. Ақуызы бар тағаммен қатар шай, су ішпеген абзал. Күніне ең кемі 1,5 литр су ішу керек.
Кешкі асты 19.00-ге дейін жегеніңіз дұрыс. Мәзірге ботқа мен көкөніс кіреді. Кешкі асқа көмірсуы мол тағам жеу керек. Тамақтанып болғаннан кейін су ішіңіз, ұйықтар алдында айран ішіп жатуға болады.
Егер артық салмақтан арылғыңыз келсе, ұйықтар алдында 0 пайызды сүзбені қантсыз жеп жатыңыз. Тәтті-пәттіден бас тартыңыз. Сөмкеңізде не үстеліңізде 1 литрлік бөтелкеде таза су болсын. Ағзаңызды токсиндерден тазартсаңыз, артық салмақтан да оңай арыласыз.
Атадан қалған асыл сөз - бұрынғы өткен данышпан, данагөй аталарымыздың айтқандары.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз…
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Үш жүз-Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Төрт ана-ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және ТУҒАН ТАРИХЫ.
Төрт Түлік-мал:Түйе пірі – Ойсыл қара.
Жылқы пірі – Қамбар ата.
Сиыр пірі – Зеңгі баба.
Қой, ешкі пірі – Шопан ата, Шекшек ата.
түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған.
Төрт ана- Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Бес дұшпаның білсеңіз.
Алты Алаш-Қазақ (Ноғай, Қарақалпақ), Татар мен Башқұрт, Түркімен, Құрама (Өзбектер сарттанып кеткендіктен қосылмады), Құмық, Қырғыз
Жеті қазына-1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3.Ақыл, білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы (ит).