Халық даналығы дегенде ең алдымен біз мақал-мәтелдер мен айшықты сөздерді, бата-тілектерді, сондай-ақ, халықтың бай рухани құндылықтарындағы ұлттың ұлағатты сөздерін – ырым сөздерін, тыйым сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, афоризмдерді еске аламыз. Мұның бәрін бір сөзбен «аталар сөзі», «халық даналығы» деп жинақтап айтқан жөн секілді. Расында да, егер даналық сөздерді жеке-дара мән бере талдап көрсек, олардың жайдан-жай айтылмағанына куә болып, ондай рухани-мәдени мұралардың әрбірінің тамыры тым тереңде жатқанын көреміз. Олар ел өмірінің әр кезеңдерінде пайда болып, әрқайсысының өзіне тән қалыптасқан тарихы бар екенін де сеземіз. Тіпті, кейбірінің тарихи тамырын болжап айту да қиын. Әйтеуір, атам заманнан бері халықпен бірге жасасып, қатар өмір сүріп келе жатқандай әсер етеді. Қалай дегенде де, қазақ халқы ғасырлар бойы әрбір жаңа буынды осынау байтақ мұра – нақыл сөздермен оқытып, солар арқылы жастарға тәрбие өнегесін беріп келгені даусыз. Бүгінгі күнде де, мақал мен мәтелдерді мектеп қабырғасында үйретудің тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор. Себебі, олар көңілдегі күрделі ойлардың мәнін дәл, қысқа да нұсқа жеткізудің, жинақты ойды көркемдеп танытудың таптырмас құралы.
Объяснение:
Қазіргі кездегі автокөлік түрлері.
Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайтын салалардың бірі екендігі барлығымызға мәлім.Көлік жүйесі басқаларына қарағанда үлкенірек.Себебі,бұл жүйеге барлық байланыстар,көлік түрлері,құралдары мен кәсіпорындары кіреді.Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы үлкендеу елдер үшін маңызы ерекше.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқындырақ дамуына негіз болды.Әсіресе,автокөліктердің күннен күнге әдемірек,жылдам және сапасына қарай қымбаттаулары шығып жатыр.Олардың жүз мыңдаған маркалары мен түрлері бар десек,қателеспейміз.Мысалы,жарыс автомобилі жүк автомобиліне қарағанда жылдамдау және шағынырақ келеді.Керісінше,жүк автомобилі үлкен әрі бірнеше дөңгелектері болады.Қазіргі күнде адамдар өзі қалаған автомобильдің кез-келгенін сатып ала алады.
Объяснение: