Салауатты өмір салты.
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.
Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар?
Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.
А өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.
Жер бітіп су аққалы, сонау ықылым замандардан бері а табиғаттың берген мол сыйлығы - даланың тағы аңдарын өз қажеттіліктеріне пайдаланып келеді. Олар көп уақытқа дейін бұл байлықтың шегі таусылмас мол қоры бар деп есептеді. Алайда оның да қорының азаятын, тіпті кейбіреулерінің көздерінің таусылатын да күні бар екен. Кейбір деректерге көз салып қарайтын болсақ, көптеген жан-жануарлардың жер бетінен жоғалып кеткеніне бірнеше жүздеген жылдар өтіпті. Әдебиеттерде бұдан бірнеше мың жыл бұрын есепсіз аулаудың нәтижесінде кәзір біз естіп білмеген, көрмеген хайуанаттардың жоқ болып кеткендігі жайлы жазылады. Ғалымдардың айтуы бойынша 1600 жылдан бері сүт қоректілердің 75 проценттен астам түрлерінің және құстардың 86 процентінің жер бетінен
жойылып кетуіне адамдар себепші болыпты. Бұларды енді қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Табиғаттың орны толмас ойсырауы деген осы. Ал «табиғатты бағындырамыз» дегенді желеу етіп, орманды жерлерді балтамен шабу,
құнарлы жерлерді техникамен жыртудың да зияны болмай қалған жоқ. Біздің Қазақстанда тың игеру кезінде қаншама жер жыртылды. Оның да кезінде табиғаттың өзгеруіне, оны мекендеген аң-құстардың азаюына, басқа жаққа қоныс аударуына әсері болды.
Объяснение:
Можете убрать некоторые слова если слишком много