егер де мен жалғыз орманда пайда болсам.Менін ойымша бәрі де сол жерде тап болғысы келер еді.Біреулер үшін бұл жағдай жалғыз қалу үшін.Ал біреулерге өз ата аналары жалықтырғандықтан болар.Жағдай өте көп. мен өз ойымды айтайын.
бір күні мен осы жағалауда пайда болдым, сол жерде тап болғанымды өзім қалай екенін білмедімБірақ мен осы уақытта не істеу керектігін білдім- осы орманнан қалай шығу еді.
менің көзіме ең алғаш түскен зат ол жердің өте үлкен болғаны еді.яғни осы жерде аралау өте қиын болған .
Екіншіден- менде өз сөмкем болған.Ал сөмкемде :компас, тамақ, су, жылы киім.Мен өзім білмеймін олар менде қайдан жүргенін, бірақ олар маған өте қажет болған
мен жағалауда отырғанмын, кеш батып барады.мен осы жерде қаншалықты ұзақ отыратынымды білмедім.Содан кейін бір жерде бір жарық жарқ етті, маған біртүрлі бола бастады.
бір,екі,үшмен өз төсегімде пайда болдым.бір өкінгенім бар еды, осындай таңғажайып ұйқыны соңына дейін көріп бітпегенім еді
Бурабай.
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.