Драма Бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Басты кейіпкер - Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор жан туралы айтылады. Драмада Қамажайдың өмірге құштар жан екенін байқаймыз. Ата-анасынан жастай айырылған ол - өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке " Қабен ол...ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар..." деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз. Драмада Ремаркалар тобының аздығы (Ремарка - қысқа түсіндіру түрінде келетін автор сөзі) бірден көзге түседі. Сондықтан Шығарма шиеленісті түрде жазылған, әрі терең философиялық мағынаға ие. Көп адамның сұранысын тудыратын шығарма.Драма шиеленісті оқиғадан басталып одан әрі өрбиді. Алғашқы оқиға Темірбектің өзінің құрбысын, нақтырақ айтқанда болашақ жарын үйіне қонақ ретінде әкелуден басталады. сол кезде Нәзиләнің бір ауыз сөзінен үйде ұрыс шығып Гауһардың ренжіп кетуімен аяқталады. Жалпы шығармада Қамажай өте сыпайы, мейірімді адам жан-жақтан келген қыспақтардан соңында ауруға шалдығады. Қабденнің Қамажайға жасаған ұсынысы тосыннан болғандықтан, ол ойланбай жауап береді. Бірақ жүрегінде өте үлкен сезімді жасыра алмайды. Кәмила өзінің баласын алдырып тастағандықан, Қамажай оны шапалақпен тартып жібереді. Оған ашуланған Темірбек үйінен кетіп қалады. Қамажайдың шарасыздығы сонша келінінен кешірім сұрауға дейін барады... Бірақ соңынан Темірбек бұл ісіне өкініп, кешірім сұрап келеді. Жалпы шығарма оқиғаға толы, қызықты болып келеді.Қамажай - басты кейіпкер. Омардың, Темірбек пен Ермектің әпкесі. Мінезі жағынан қамқор, қарапайым, бауырмал, әрі мейірімді кейіпкер.
Объяснение:
Омар - Қамажайдың інісі. Мамандығы жағынан ғалым, философ, көбіне ғылыми тілде сөйлейді, бірақ жаны ізгі жандардың бірі, сыпайы, адамгершілігі мол, көзілдірік тағады, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, жаны ғылымды сүйеді, лақап аты - Ом.
Темірбек (Тимур) - Қамажайдың інісі. КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді. Тікмінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағыларына қамқор.
Ермек - Қамажайдың інісі. Өте сүйкімді кейіпкер, үйінің кенжесі болып табылады.
Нәзила - Қамажайдың сіңлісі. Мұғалім болып жұмыс істейді. Мінезі - ерке, тікмінезді, тура сөзді.
Гауһар - Нәзиланың құрбысы. Омарға ғашық. Ойын көтеретін ақкөніл,адамгершілігі мол жан.
Ата-ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмес.
Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі ана сүтін ақтау деп аталады. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Ал нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті.
Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді.
Теңіздей тербелген өмір толқындарынан баласын аман алып қалу үшін барын салады. Сондай зор махаббатпен өсірген өрені қартайған шағында мейірімге бөлер ме екен? Баласының болашағы үшін бар өмірін арнаған ата-анасы қартайып аз ғана көрер жарығы қалғанда оны сүйіспеншілік пен мейірімге бөлей алмаған адамның адамгершілігі бар деп айту қиын. «Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің» деп бабаларымыз жырлағандай «ата-анаға не істесең, алдыңнан сол шығады». Анаңды құрметтемесең, анадан несін туасың? Адамды құрметтемесең, адамнан несін туасың? – деп жырлаған екен халқымыз. Қандай өркениетте болсын, қандай ұлттарда болсын ата-анаға деген құрмет ешқашанда өзінің құндылығын жоғалтқан емес, ата-анаға ең биік орын беріп ерекше бағалайды. Ұл-қызымыз ұлағаттылықты ұстанып, инабаттылыққа ұмтылып, арын кірлетпей, кіршіксіз таза ұстап, ата-ананың алдында адалдығынан ажырамай өмір сүрсе, аналар да жыламас еді, жетімдердің де көзі жәутеңдемес еді.
Перзент – ата-ана еккен ағаштың жайқалған жасыл жапырақтары, әке мен шешенің өз қолдарымен мәпелеп өсірген ағаштың көптен күткен жемісі. Алғашында ата-ана перзент панасы болса, кейін керісінше әр перзент ата-ананың панасы болуы оның пенделік, перзенттік парызы. Қызын қуыршақтай, ұлын құлыншақтай қылып алақанында аялап өсірген жемісінің дәмін тату, бейнетінің зейнетін көру – әр адамның арманы. «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» депті бағзы бабаларымыз. Ата-анасының қадіріне бармаған бала құдды құрт түсіп, шіріген жеміс іспетті. Бала емес, бәле өсіргенін кейіннен түсіну – көңілдің күйікті күйініші, өзекті өртейтін өмірдегі өкініші.