Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
(Көшпелі)және (рулық-тайпалық) негізде құрылған халықтарда (туыстық) байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Отбасында негізгі (туыстық)/қатынас/ - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар /әйел/ жағымен де (туыстық) байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды /жиен/ деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары /нағашы/, (нағашы жұрт) деп аталды./ Қазақ/ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. (Туыстық) жүйенің ең негізі, бел ортасы - /отбасы/ саналады. /Қазақ/ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – /ата/, /әке/, /бала/.Аталар мен әжелер /ауыл-аймақ/, /ағайын/ арасының берекесі, ақылшысы.Олардың әрқашанда мәртебесі (биік) болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан /қазақ/ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды /құбылыс/ деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау /көргенділік/ деп есептеледі. (Дәстүрлі) қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен /бала/ болмаған. /Ата-апалар/ /жыр,/ дастан/, ертегі/ айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку