ксюша1704
22.01.2022 00:20

Аяулы әкетайым, мен сіздің жүзіңізден шексіз махаббат көрдім, сізге ерекше еркеледім.
Сізді мақтан етемін, құрметтеймін. Менде өзіңізге деген сенім қа-
лыптасты. Сізден жауапкершілікті үйрендім. Бізді: «Үлкендерге
сәлем беріңдер», «Қолында ауыр заты болса, көмектесіңдер», «Өтірік
айтпаңдар!», «Ұрлық жасамаңдар!», «Намысты болыңдар!», «Қиындыққа
Шыдаңдар!» «Жасырын, жаман істен аулақ болыңдар!»
деп,
тәрбиеледіңіз.
Сізді қатты сағындым, аяулы әкем!​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
dimaonisko
19.03.2022 22:27
Түлкібас ауданындағы Ақсу-Жабағылы қо­рығынан әке­лінген дүниелер фестивальге келген қала жұртшы­лы­ғын бейжай қалдыр­ған жоқ. Шетелге шыққандар сол жақ­тың сұлу табиғатын айтуға сөз таппай аузының суы құрғап келеді. Олардың бізден айырмашылығы, табиғат байлығын күтіп ұстауға тырысатындығы ғана. “Табиғат – талбесігің” деп айқайлап айтқаны­мыз­бен сөзіміз бен ісіміздің қабыс­пай жат­қан­дығы болмаса шетелді мақтағыштар ондағы бар кереметті бір Ақсу-Жабағылы қорығының өзінен-ақ табар еді. “Қолда барда алтынның қадірі жоқ” дегендей, таби­ғат байлықтарының бағасын білмейді деп күстә­на­лайтын халқымыз соңғы жылдары жақсы жағына қа­рай өзгеріп келеді
0,0(0 оценок)
Ответ:
fira2010f
11.05.2022 04:32

Қазақстан - егеменді, тәуілсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашығымыз- бүгінгі жастар. Олардың міндетті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін  жетік білуі керек.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі.

Қазақ тілі- батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады, бұл тармаққа кіретін тілдер- қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.

Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту –бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл- біздің ана тіліміз- Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі  «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып- Қазақ тілі белгіленді.

Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданалатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті  деп көрсетілген».

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота