ibondarenk2013
24.04.2023 16:56

Сурет бойынша күзде не болатынын әңгімеле. Не болмай тынын айт. Әңгімелеу үшін сөйлеудің қай түрін қолданасың? • Күз мезгілі бейнеленген сурет бөліктеріне зер салып қара. Осы сурет бойынша 3 сұрақ жаз.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
mai31
25.05.2022 09:01

Берілген билетке жауап.

1 сұрақ.

Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.      

Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Батаның мақсаты: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.

Батаның түрлері:

1. Нәрестеге бата

2. Асқа бата

3. Ұлға бата

4. Қызға бата

5. Келінге бата

6. Сапар бата

7. Жастарға бата

8. Сүндет той батасы

9. Наурыз батасы

10. Ораза айт батасы

11. Жарапазан батасы

12. Ас қайыру батасы т.б.

2 сұрақ.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

3 сұрақ.

Ит өлген жер – алыс;

Қырғиқабақ болу – ұрысу;

Ешкімнің ала жібін аттамау - ешкімнің жолын кеспеу,қарғысына жолықпау.

0,0(0 оценок)
Ответ:
satursacha
28.04.2023 18:34
«Ерлік–ұрпаққа ұран, елге - мұра» деген дуалы ауыз бабалар өсиетін бойына дарыт-қан халқымыз азамат ұлдар тәрбиелеуге де зор көңіл бөлді. Бұған Абылайдан кейін қолымыздан сусып кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу үшін, халықтар достығын, татулықты, ынтымақтастықты күшейтетін елді бастар ер керек еді. Еңселі ел болу елін дауға, жерін жауға бермейтін білікті басшы керек еді. Сөз қадірін, ер қадірін білген Төле би бабамыз: «Басшысы болмаса ел жетім» - деген. Ғасырлар бойы күрестер мен жеткен тәуелсіздікті баянды ету – Нұрсұлтандай Елбасымыздың еншісіне тиді. Сөйтіп,1990 жылдың сәуірінде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. «Қазіргі кезде дүние жүзінде ірі де өте ықпалды бес – алты саясаткер бар, олардың бірі – Назарбаев», - деген болатын Маргарет Тэтчер. Халықтың талап – тілегін ескере отырып, өз шешімімен дүние жүзі елдеріндегі атом қаруын сынайтын Семей, Капустин – Яр сияқты полигондарды жауып, бейбітшілікті сүйетін халқын алаңдатқан атом қаруын сынауға тосқауыл қойды. Елбасының негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға болады.Көп ұлтты Қазақ елі ынтымағы орнаған халықтар достығы еліне айналып отыр. Тарих дөңгелегі толассыз дөңгелеп, уақыт өз дегенін жасап жатыр. Елбасы сайланғалы жиырма жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен Қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырысты. Тілі, ділі, салт - дәстүрі, әдет – ғұрпынан айырылудың аз алдындағы елге азғантай уақыттың ішінде асыл мұраларын қайтаруға күш салды. Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін Елбасымыздың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса қанат талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота