Бүгін біз қазақ тілі сабағынан табу сөздерді өттік.Табу сөздер дегеніміз: тура айтуға болмайтын,бірақ жақсы жағынан ғана суреттелтін әдептелік белгісі. Осы тақырыпқа үй жұмысын жазып жатқанда бірден маған бір ой келді. Ол менің анамның әпкесі. Ол бізге үйге келгенде бізді атымен атамайтын. Мысалы:мені - ботақан ,әпкемді - еркежан , кіші ағамды - кенжетай деп атайтын.
Если у тебя нету сестры можешь убрать әпкемді - еркежан или если нету младшего брата убери кіші ағамдыОбъяснение: если что обращайся)))
Достық туралы
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:
«Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!»
деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халықымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.