

Сноубординг (ағылш. Snowboarding) — олимпиядалық спорт түрі. U-тәрізді хафпайптарда немесе қарлы бөктер бойымен ылдиға қарай шапшаң сырғанаудан тұрады.
Әлем Чемпионаты кезіндеСноубордистер не арнайы құрастырылған хафпайпта, не қарлы тау бөктерінде жарысады.Хайфпайппен жарысқа қатысушылар мақсаты - бес төрешінің алдында акробатикалық айла-тәсілдерді орындаған уақытта өз тақтайында қалу.Төрешілердің үшеуі айла-тәсілдерді бағалайды, ал қалған екеуі бірден онға дейін жалпы жаттығулар үшін бағалар қояды.Әрбір сноубордиске оның төрешілерді таңқалдырып үлгеруі және ұпай жинау үшін екі түсу мүмкіндігі беріледі.Сноубордкросс және слаломда мәре сызығын бірінші болып кесетін не мәреге ең аз уақытта келетін спортшы ұтады.Сноубордкроста жарысқа қатысушыларға бірін-бірі итеруге немесе қарсыластарды трассадан итеріп жіберуге тыйым салынады.Алып слаломда сайыстар жүріп өтулерге бөлінген. Бірінші жүріп өтуде құлайтын, қақпаларды өткізіп алатын немесе мәреге жете алмайтын ойыншылар айыптық уақыт аладыТоқтар Әубәкіров әлемнің 256-шы ғарышкері. Ол қаһарман атанып, қазақ халқының мерейін тасытар сәттен бұрын ұшақпен ұшудың жаңа әдісін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Ал, Талғат Мұсабаев әлемнің 309-шы ғарышкері. Ұшқыш Талғат Бигелдиновтың жолын жалғаған ол бір айда 5 рет, яғни 30 сағат 8 минут ғарыш кеңестігіне сапар жасағаны үшін Гиннесстің рекордтар кітабына енді.
Талғат Мұсабаев алғашқы «ғарыш хирургы» бейресми атағын алған. 2001 жылы ғарышқа бірге аттанған америкалық миллионер турист Денис Тито әуе кемесінің ішінде басын жарақаттайды. Экипаж командирі ретінде қазақ ғарышкері аспан кеңістігінде ұшып жүріп, жарасын тігеді. Осылайша, Талғат Мұсабаев елінің ғана емес, бүкіл әлемнің батыры атанды.
Әлемнің 545-ші ғарышкері, жерлесіміз Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіров бір күнде, бір айда дүниеге келген. Бір оқу орнының түлектері.
Тәуелсіз Қазақ елінің ең үлкен жетістіктерінің бірі – ғарыш кеңістігін игеру екені сөзсіз. Осы жолда күні бүгінге дейін қыруар жұмыс атқарылып, қазақ ғалымдары өлшеусіз үлес қосуда.