Міне, қыркүйек туды, күз келді. күн қысқарып, түн ұзарды. аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. күн сирек көрініп, аз жылытады. анда-санда таңертең салқын болып қояды. өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. жұрт күземін алған, киізін де басып алды. маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. қарлығаштар көптен көрінбейді. аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай от басында отыр. жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы- шоқан (шын аты мұхаммедханафия) шыңғысұлы уәлиханов xix ғасырдың екінші жартысында қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, , құқық, , ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі қостанай облысының құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан шыңғыс уәлиханов отбасында дүниеге келген. арғы
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку