maulee502owkszf
30.11.2022 22:27

1. Суреттегі адамды танисың ба? Ол туралы не білесің? Оның қандай шығармаларын онын?
2 Тіл туралы қандай өлең, ендер білесің? Айтып нер.
3. Тіл туралы қандай мақал-мәтел білесің?​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Карейка0167
02.10.2021 10:43
Ңқол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. кітап ң сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді ғабит мүсірепов.  кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір ң білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.  "кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен шекспир. бұл сөзден түйер ойымыз, ға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді баус. кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. себебі кітаппен дос болған ң ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.  әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді горький. онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. оны тек кітаппен дос болған ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.  достар, "артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық. толығырақ:   материалды көшіріп басқанда massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. авторлық құқықты сақтаңыз
0,0(0 оценок)
Ответ:
Хорошоучусь
26.03.2020 09:21

Менің елім - менің мақтанышым.

«Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем ...» деп Фариза Оңғарсынова жырлағандай, менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім ол – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған. Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.

Менің туып өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота