Александр8584
06.04.2021 05:26

Түрік сөзінің мағынасы неде​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ящерка618
19.09.2020 15:49
Денсаулық-өмірдегі ең маңызды нәрсе.үлкендер бізге жиі: "жылы киініңдер.бас киімсіз жүрмеңдер,әлде ауырып қаласыңдар"-деп айтады.қазір біз жаспыз,сондықтан денсаулықтың маңызын түсінбейміз.бірақ бәрінің өз уақыты бар,болашакта біз оларды түсінерміз.ал қазіргі жастардың көбісі темек шегеді,наркотик қабылдайды,алкоголь ішеді-оның бәрі денсаулыққа зиян әкеледі.мен оларды көріп жеркенемін.сонымен айтарым,денсаулықты бостан боска зиянды заттарға кұртпай пайдалы заттарға жіберіңіз.самым важным в жизни.часто взрослые нам: "со временем глина смывается дождем.жүрмеңдер без головного убора,или қаласыңдар заболевания"-говорит.сейчас мы молодые,поэтому понимаем важность здоровья.но у всех есть свое время,мы их болашакта түсінерміз.а большинство современной молодежи темек курят,принимают наркотики,пьют алкоголь-все, что приносит вред его здоровью.и увидев их жеркенемін.скажу так,бостан вредных веществ полезных здоровья веществ кұртпай отправьте боска.
0,0(0 оценок)
Ответ:
liona676
02.03.2022 09:43

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

 

Сөзн жазғандарі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов

 

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,   
Алтын дән даласы,   
Ерліктің дастаны,   
Еліме қарашы!   
Ежелден ер деген,   
Даңкымыз шықты ғой.   
Намысын бермеген,   
Қазағым мықты ғой! 

 

Қайырмасы:   
Менің елім, менің елім,   
Гүлің болып егілемін,   
Жырың болып төгілемін, елім!   
Туған жерім менің – Қазақстаным! 

 

Ұрпаққа жол ашқан,   
Кең байтақ жерім бар.   
Бірлігі жарасқан,   
Тәуелсіз елім бар.   
Қарсы алған уақытты,   
Мәңгілік досындай.   
Біздің ел бақытты,   
Біздің ел осындай! 

 

Қайырмасы:   
Менің елім, менің елім,   
Гүлің болып егілемін,   
Жырың болып төгілемін, елім!   
Туған жерім менің – Қазақстаным!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота