MrFoxTv
16.05.2021 09:48

Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр — бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай
алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
JIuchno
02.11.2021 12:56

Зар заман – тарихи кезең.

Көгінде қыран қалықтап, жерінде түйесі боздап, жылқысы құлындаған байтақ қазақ жері небір қан сасыған майдандарды өткерді. Ал қазақ елінің осынау қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға қол жеткізу үшін бейнетті, терді, талай бейкүнә өмірді артқа тастады. Ел тарихында осындай айрықша тарихи кезеңдердің бірегейі – "зар заман" кезеңі.

Зар заман ақындарының алғашқы легі Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады. Ал зар заман ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет М.Әуезов енгізген термин. Сол кез ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. "Неліктен "зар заман"? Ол кездегі жағдай қандай болды?" деген сұрақтарға біз жауапты Шортанбай Қанайұлының бір ғана "Зар заман" өлеңінен-ақ ала аламыз.

Ақын өлеңін "бисмілла" деп бастап көргені мен түйгенін жырлап әкетеді.

Дұрысын білмейтін надандардың басшы бола бастағанын, ақша деген дүниенің шыққанын, байлардың ұрлық жасап, билердің парақор болғанын, бір-бірлерін көре алмай, орыстарға жем болатынымызды, егесетін, әдесіз қыз бен жігіт шыққанын, барлығының ойлағаны мал және бұрынғы заман қайта келмейтінін айтып күйінеді. Осыдан-ақ сол кезде расында ел ішінде үлкен өзгеріс пен жаңашылдық болып жатырғанын көреміз. Ш. Қанайұлының ойын жалғастыра көптеген ақындар да сол заманды өз өлеңдеріне арқау етті.

Әлбетте, қазіргі заман бұдан әлдеқайда тыныш, бейбіт. Бірақ сол кезеңнің қалдықтары да жоқ емес. Игі жақсыларымыз, ұлт жанашырлары саны ғана емес сапасы жақсы болса, әлеуметтік жағдай одан әрі жақсарары шүбәсіз.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
murat121221
20.01.2023 01:44

Менің өмірім - сұлулыққа, ой мен толғанысқа, сұрақ пен жауапқа, үміт пен сенімге, арман мен мұратқа толы. Мен үшін осы уақытқа дейінгі көргенім жалған, ал көрмегенім арман секілді. Мен бұл өмірден оңтайы келіп тұрған сыбағадан бас тартпағанды, бала кезінде еңбек етіп үйренбеген адамның, үлкейгенде заңнан таяқ жейтінін түсіндім. Бір қозы артық туса, бір түп жусанның өз-өзінен артық өспейтіні анық. Өзің кешірімді болмасаң, сені де ешкім кешірмейді... Соны ұқтым... Қателікті кешіруге болады, ал опасыздықты кешіруге болмайды. Жас кезіңдегі кекшілдігің келе-келе жұмсаратын көрінеді. Қаттылығың қай жеріңде болса, қасіретің сол жерінде. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін дүниенің, әлемнің өз бояуында екенін білдім. Ағаштардың жасыл, жердің қара, топырақтың қоңыр, түстің ақ, күлкінің әдемілігі, көздің өткірлігі - соның барлығы өз орнында тұр.Ештеңені қозғаудың қажеті жоқ... Тек жәй ғана сүйсіну керек

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота