Бұл оқу жылы барлығына оңай болмады .Алайда мен осы оқу жылын жақсы бағалармен , жақсы ниетпен бастаймын деген шешімге келген болатынмын .Осы оқу жылының алғашқы екі тоқсанында мен айтарлықтай көптеген , яғни толықтай айтқанда алгебра , қазақ әдебиеті мен көптеген сабақтардан өзімнің білімімді жинақтап , бағаларымды жөндедім . Осы оқу жылының екі тоқсанында тағы да өз бетімше ізденуде , оқу бағдарламасын игеруде жаңа жетістіктерге жеттім деп айтуыма болады . Өзімді қызықтыратын салаларды жаңа деңгейге шығарып, жаңа хоббилерді аштым .Сонын бірі уақытқа оқу , көптеген әдеби шығармаларды құлшыныспен оқу менің мектептен алып жатқан білімімді одан ары қарай аша түсті деуге болады.
Объяснение:
хахахахах нез сколько там слов ) но все так норм кажется кст это все не правда ✌️
Кемпіртас туралы аңыз
Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы құрылған екен. Оған дейін аталған өңір мемлекет қорғауында болмапты Сол уақыт кезеңінде кешегі тың игерушілер мына фотода көрініп тұрғандай Кемпіртастың «тілін» жұлып алған екен. Біреулер өздерінің «батырлығын» дәлелдеу үшін техниканың көмегімен Кемпіртастың «тілін» трос байлай отырып вандалдық әрекетке барған. Жалпы, Кемпіртас туралы аңыздың бірнеше нұсқасы бар, бірінде тіпті Баба-Яга қылып қояды. Қазақ жеріндегі қайдағы Баба-Яга, кейде не болса соған сене беретініміз бар-ау! Тіпті Иван Купаланы Қазақстаннан тауып жүргендер кездеседі. Негізі Кемпіртасты әр қырынан қарасаңыз бірде жас қызға, енді бірде егде тартқан әйелге, тағы бірде әжеге ұқсайтыны шын. Фантазияңыз білсін! Бірақ аңыздардың ішінде Кемпіртас туралы мына аңыз өзіме ұнады. "Кірпігіңде тұрса да әлі жас байланып, Дінің қатты екенін растайды анық. Көкжиектен бір сәтте көз аудармай, Әй, кейуана, кеттің-ау тасқа айналып. Жанарымнан сорғалап алқызыл таң, Жан дүнием менің де сан бұзылған. Жайыңды ұғам, тас кемпір, себебі мен Сен секілді айырылғам жалғыз ұлдан. Жау жоқ бірақ көк семсер сермесердей, Тек уақыт тұр төбемнен төнген селдей. Кемпіртас-ау, қайғыңды бөлісуге Тасқа айналап кетейін мен де сендей»,-деп керекулік бір ақын жырлағандай Кемпіртас соғыстан оралмаған жалғыз баласын зарыға күте тасқа айналған ананың бейнесі екен!