-Сәлеметсіздерме балалар!- деп бір мезгілде апай кіріп келді.Мен сасқалақтап орнымнан атып тұрдым, апай бұлайша ерте келеді деп ойламап ем! Қап енді менің үй тапсырмасын жазбай келгенімді біліп қойатын болдығой ә! -Мұратбек үй тапсырмасын жаздыңба!- дегенде жаным орнына түсті. Екі көзім апайда, ал қолым болса шимайлатып жаттығу көшіруде. Ара-тұра дәптерге қарап қойам, соны апай байқады ма! -Кім сен жалғастыра қойшКім ед...- деп жатқанын пайдаланып одан сайын жылдамдаттым. Апайдың саусақтары мені көздеп орнымнан тұрғызды. Қарасам сөйлемді де айақтап қалдым, зуылдатып оқып келе жатсам сөйлем айақталмаған, бір-екі сөз болар деген оймен кітапқа қарасам көршімнің сараңдығы ұстап қолымен басып отыр. -Тууу..!-деп оған ашулы көздермен қарадым. -Жарайды, отыр! - деді апай соны сезгендей...
Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек? Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: "Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды", -деген болатын. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку