
Аудитория - [лат. audio - естимін] - тікелей мағынасында "тыңдаушы топ", яғни, сөзді тындаушы, қабылдаушы топ. Аудитория қазіргі ұғымы бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси коммуникация аудиториясы ретінде түсініледі. Мұндай аудиторияның ерекшелігі - оның кеңістігінің шектелмегендігінде. Т.Адорно мен М.Хорнхаймер негізін қалаған зерттеулерден кейін аудитория қоғамды мақсатты түрде жаппай тоталитарлы әлеуметтік-саяси құрылымдарға икемді бұқараландыру тетігі ретінде түсіндіріле бастады. Бұл геббелстік насихатты басынан өткерген Германия мен сталиндік КСРО-ны зертеген еңбектерден айқын көрінеді.
Сын есім.
Сын есім – заттың сындық белгісін білдіретін сөз табы. Сондықтан ол зат есімнің алдынан ешбір қосымшасыз келіп тіркесіп сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, асыл – мұра, әсем ән, жақсы кітап, қызық әңгіме т.б.
Сын есім мағынасына қарай сапалық және қатыстық сын есім болып бөлінеді: Сапалық сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, жақсы,биік, жаман, қызыл, кең, тар, жалпақ т.б.
Қатыстық сын есім деп заттың белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіретін сөздер аталады: таулы (жер), қамысты (көл), жазғы (самал), бөрікті (адам), бойшаң (жігіт) т.б.