partypoison6
21.10.2022 07:02

Деректерді өлшеу үшін не
не керек көмеетесіңдерш

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
tomahvisucik16
24.07.2021 16:53

Цирк (лат. cіrcus — дәлме-дәл, шеңбер) — сахналық өнердің бір түрі. Цирк өнері асқан ептілік пен күштілікке негізделген пантомималық ойын-сауықтар мен клоунның күлкілі әзіл-әжуаларын (клоунада, акробатика, гимнастика, шабандоздық және жонглерлік өнер, эквилибристика, музыкалық эксцентрика, иллюзионизм, т.б.) қамтиды. Әдетте Цирк ойын-сауығы алуан түрлі трюктер мен эксцентрикаға негізделген нөмірлерден тұрады.

Арена (лат. arena — құм) — 1. цирктің ортасындағы ойын-сауық көрсететін алаң. Көне рим амфитеатрының аренасында көпшілікке арнап гладиаторлар соғысы, ат жарысы мен әр түрлі спорттық ойындар көрсетіліп отырған. 19 ғасырдан бастап цирк аренасының диаметрі 13,5 м болды., Қазіргі цирктің аренасын “манеж” деп атайды. 2. Ауыспалы мағынада арена көпшілікке танылу, белсенді қызметімен белгілі болу ұғымын да білдіреді

Клоунада- цирк жанры. Ол негізінен экцентрикалық және қуақы көріністерден тұратын клоундық күлдіргі ойындардан құралады.Клоунадалық ойын көрсетудің негізгі халықтық фарс ойындарына саяды. Дәстүрлі Ақ клоунның маскасы Дель арте комедиясы, сондай-ақ франция мен ағылышынның балаған театрларынан, ал Шикіл сары клоунның маскасы халық арасындағы масқарапаз артистерге (қолапайсыз әрі сыйықсыз) еліктеушілер ойындарынан алынған.

Акробатика - бұл адам өмірінде өз қолтаңбасы бар спорт түрі деп әбден болады. Себебі, адамның өз денесін өз мұхтажына сәйкес қызмет өткізу - әркімнің ізгі арманы. Сондықтан да цирк өнерімен шұғылданушылар акробатиканы «Цирк ханымы» - деп атайды екен.

0,0(0 оценок)
Ответ:
89181790311
07.12.2022 23:05

Қазақтың ұлттық қолөнері.

Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.

Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.

Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын  стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын.  Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға  әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота