1. Америкалық Microzap компаниясы, технология, өнертабыс.
2. С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
3. Өнертабыстың адам өміріне пайдасы.
Өнертабыс бүгінгі күні қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналып отыр.
Ғылым жетістіктерінің адамзат қоғамының дамуына, қоршаған ортаның өзгерістеріне тигізетін әсерін зерттеуші халықаралық орталықтардың көрсетулерінше, соңғы екі жүз жылдағы экономика өсіміндегі өнертабыстың үлесі 90 пайызды құрайды. Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, әлем күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр. Өмірге бұрын-соңды кездеспеген материалдар, тұрмыс бұйымдары, өндіріс құралдары, қалдықсыз, қауіпсіз қуат көздері келе жатыр.
Қазіргі таңда адамдар үш ұйықтаса түсіне кірмеген түрлі өнертабыстар күн сайын ойластырылып, жасалуда. Мысалы, бұрын адамдар көз майын тауысып, қағаз басу үшін қаншама әріп терсе, ендігәрі оның барлығын электронды түрде көшірме жасап немесе сканерлеп алуға болады.
Заман алға жылжыған сайын өнертабыстағы жаңа технология ғасыры жаңарып барады. Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың тұрмысқа енуіне 30-40 жыл қажет болса, бүгінде бұл уақыт қас пен көздің арасында ғана, ен көп дегені 4 - 5 жылдан аспайды. Тіпті ойламаған нәрселердің өзі өнертабыстың құрамдас бөлігі ретінде кәдеге асып жатыр. Технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын әлі талай өнертабыс түрлері ойластырылатынына сенімдімін.
ответ: су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. себебі алғашқы тіршілік суда басталады. жердегі ең көп таралған заттың бірі су. мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі ағзаның құрамында кездеседі. мысалға ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады. кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады. кейбір теңіз жәндіктері, мысалыға медузаның 97-98% - ы судан тұрады. судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз. судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі мекендейді. мұхиттер мен теңіздердің терең қабаттарына - жарық түспегеннен қараңғы болып келеді. ол жерлерде тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген жануарлар мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. судағы еріген оттегімен су жануарлары желбезек арқылы тыныс алады.
объяснение: