Ақтамберді Сарыұлы 93 жыл өмір сүрген, яғни 1675–1768 жж. дəуір кешкен. Ол күреске ерте араласқан жауынгер-жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мəселелерін жырларында жақсы бейнелеген. 1738–1752 жж. қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, əділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған. Əлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды [1; 29].
Даңқты жыраудың азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп»,«Уа, қарт Бөгенбай», «Менімен, ханым, ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» жəне т.б. өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, отансүйгіштік күй-сезімдерге толы.
Бүгінде Ақтамберді жыраудың 26 туындысы белгілі. Олар тақырыбы жағынан үш топтан тұрады жəне тиісінше жауынгер-ақын өмірінің үш кезеңін: жастық шағын, толысып, даңқы шыққан жылдарын жəне егде тартқан кезін бейнелейд
Ал бұл кезең – жиырмасыншы ғасырдың сексенінші жылдарының ортасы. Күлдір-күлдір кісінетіп, күрең мініп жүрген қазақтар аз да болса, бар еді ол тұста. Бірақ «жағасы алтын, жеңі жез, шығыршығы торғай көз сауыттарымыз» музейлерден, қиыр-қиырдағы ауылдардағы көнекөз қариялардың сандығынан ғана табылатын. Миллиондаған қазақтың ұлттық санасы, қазақи болмысы әлсіреген, турасын айтқанда, ұлттық рухтың білте шамдай өлеусіреген кезі еді. Қазағы қалың оңтүстік пен батыс еді негізінен ұлтқа ұйытқы болып тұрған. Қызылжар жағындағы үлесіміз жеті-сегіз пайыз, солтүстік пен орталықта, шығыста шоқ-шоқ қазақ аудандары болмаса, қалғанын кеңес империясы біржола жұтуға айналған. Ел ордасы – Алматыдағы үлесіміз – 20 пайызға жуық.Барлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз https://turkystan.kz/article/14725-culdir-culdir-cisinetip гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз.
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз жергілікті жерімізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.
Табиғат - асыл қазына, адамға баға жетпес байлық. Осы байлықтарды қорғап, оны мұқият сақтай білу бәріміздің міндетіміз болып саналады.
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған. Қазақстанда орман қоры 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шетен, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.
Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, ермен, адыраспан, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді.