Ғылым таппай мақтанба...
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты -
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл - мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, хаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл -
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.
Перевод.
Пока не знаешь — молчи.
Пока блуждаешь — молчи.
Не тешься блеском парчи,
Пустых забав не ищи.
Чтоб человеком ты был,
И вровень с веком ты был,
И нe жил бы суетой,
Ты пять врагов покори
И пять друзей избери.
Злословье, ложь, хвастовство,
Тщету пустую и лень
Смети с пути своего.
Правдивость, ясная мысль,
Упорство, скромность и труд —
Доверься — не предадут.
Будь чистым, зла сторонись,
К деяньям светлым стремись,
Чтоб разум жил добротой.
Пускай учeным не стал,
Пусть выпал жребий иной,
Но в жажде знанья залог
Твоей дороги прямой.
Не говори: «Не смогу».
Стремясь к познанью душой,
Сумеешь им овладеть.
Но, сторонясь, как чужой,
Затушишь искру души.
Богатство, счастье, покой,
Познав науки, найдeшь.
Иди на свет их благой,
И всe, что скажет другой,
Иль аксакал, или бай,
Сам взвесь ты, сам осознай.
Будь верен мысли живой.
Не тешься лживой молвой!
Борьбой за правду живи.
Пусть пошлость нагло груба,
Тем легче с нею борьба.
Будь скромен, будь молчалив,
Мой горький опыт усвой.
О говорящем тебе
Не думай: «Кто он такой?» —
Но глубже вникни в слова.
Мир помнит славных певцов,
И мудрецов, и вождей
Великих в деле своeм,
А много ль знаем о нeм!
Поверь, о юноша, мне:
Бесценны знанье и ум.
Что чуждо их глубине —
Забудь, как суетный шум.
Достигни цели вполне,
Чтоб найденное сберечь.
На мудреца — сто глупцов,
Вот горькой истины речь.
Знай также, юный мой друг:
Не в слове близких своих
Ты правды проблеск найдeшь.
Убог привычный твой круг,
Где видят в истине ложь.
Душа невежды мертва,
Пусты без мысли слова.
И сам учись, и учи.
Лишь знаньем жив человек,
Лишь знаньем движется век.
Лишь знанье — светоч сердец.
Лишeнный учеников
Учитель — словно вдовец.
Людей суди по уму,
Но не по облику их.
Разумен будь и правдив
В делах и думах своих, —
Так мудрецы говорят.
Пойми совет их простой
И, осознав, не забудь.
Да будет праведен путь,
Твоей души молодой!
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында», «Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғаған. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы.
Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы- жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жерін баса көктеп енуін білеміз. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауытпалықты Бұхар елімен бірге кешкен. Ол әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшыларымен бірге, ақылшы, үгітші болып белсендік көрсеткен. Абылай Бұхармен осы тұста қатты санасқан. Қалмақ қолына қарсы тұрған қазақ қолын Абылай хан басқарып, оны Айдаболдан Аталық батыр мен Сүйіндік елінен шыққан Олжабай (1696–1792 ж) батырлар қолдаған. Қалмақтар арылғаннан кейін Абылай көрші Қырғыз, Ташкенттегілермен ерегісіп, оларға қыр көрсеткен. Олжабай Абылайдың бұл саясатына қарсы болды. Бұхар жырау Олжабайды қолдайды. Осы тұста халық аңыздарында Олжабай келіссөз жүргізіп қырғызды соғыссыз бітіреді-міс. Ауыз бірлігі мол кезінде Абылай қолы қалмақтың Қалден Серен хонтайшысын Қарқаралы, Баянауыл жерлерінен ығыстырып, көп олжалы болады. Бұхар Бөгенбайдың өлімін хан Абылайға естіртуші жыраудың бірі. Ол батырдың тарихи рөліне танып, оған деген халықтың қайғысын хан қайғысына ұштастыра жырлаған. Қазақтың даңқты батырлары қатарына алып, оны даралай да білген:
Қазақтың ханы Абылай,
Абылай ханым бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұштаспай қып торлады.
Құлағанға ұқсайды,
Қазақтың қамал қорғаны.
Қайғырамыз ханзадам,
Айтпасыма болмады-
Батырың өтті Бөгенбай!
Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі Қытай мен Ресей аты қос алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасаған. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баһадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттелген. Әсіресе, оның толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленген. Мысалы, «Қилы заман» толғауындағы мына бір жайлар «Күнбатыстан бір дұшпан, Ақырында шығар сол н