Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.
Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемСұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.
Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалуыСұраулы сөйлемнің жасалуы:
сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады; сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі; сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі; сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.Объяснение:
Біліміңді тексер
1. Аграрлық төңкерістің өнеркәсіп төңкерісінен ерекшелігі неде?
2. Англиядағы өнеркәсіптік төңкерістің алғышарттарын ата.
3. Өнеркәсіп төңкерісінің дамуы қандай салаларды қамтыды?
4. Қандай жағдайлар жұмысшылар ортасында наразылық тудырды?
5. Капитализмнің мануфактуралық даму сатысынан фабрикалық даму сатысына
өтудің барлық алғышарттарын атап көр.
6. Неге ХІХ ғасыр тарихқа «мәшине» ғасыры, «темір» ғасыры ретінде кірді?
7. Аристократияның буржуазиямен қосылуына, «жаңа» таптың қалыптасуына
қандай жағдайлар себеп болды?
8. XIX ғасырдың екінші жартысында «орта таптың» қоғамдағы рөлі қандай
болды?
9. Буржуазия қандай қасиеттерімен ерекшеленді?